Жексенбі, Қазан 1, 2017
Негізгі > Бас баған > Бұл қай Мұсабаев?

Бұл қай Мұсабаев?

Халық жүрегіндегі Мұсабаев ғарышта қалып қоймасын…

Айтпағымыз, жақында ғана Сенатор болып тағайындалған Талғат Амангелдіұлы турасында. Мұсабаетің халық алдындағы асқақ беделін еңбектеген сәбиден еңкейген қартқа дейін жақсы біледі. Десе де соңғы жылдары ол кісінің артынан ерген сөздер кімді де болсын бей-жәй қалдырмасы анық. Жұрттың іздеген Талғаты сол баяғы ғарышта қалып қоймаса игі еді. Мұсабаев халыққа қастандық жасаған жоқ, халық Мұсабаевқа қарыздар емес. Бар мәселе ол кісінің мінезінде ме деп қаласыз. Мына бейнесұхбат біраздан бері “желіні жарып жатыр” десек қателеспейміз. Алдымен бейнені шолып алыңыз.

Елбасынан үлгі алса ғой осылай істемес еді?

Опубликовано Жако Жан 14 июля 2017 г.

Халық қиялында жасап алған ғарышкер Мұсабаев қазіргі таңда неге “жұмбақ жанға” айналды?

Талғат Мұсабаев – сырт көзге аңыз, өзіне ақиқат болып көрінетін, ғарыш әлемінде жалпы ғұмырының 1 жылға жуық (342 күн) уақытын өткізген. Бір ай ішінде бес рет (30 сағат 8 минут) ашық ғарышта болған сапары Гиннес рекордтар кітабына енген қазақтың мықтыларының бірі емес пе еді. Тіпті, анау көкке қазақтың байрағын, күллі мұсылманға ортақ қасиетті Құранын арнайы алып ұшқан азамат еді ғой. Әзірге жеті қат көкке көтерілген үш қазақтың бірі – ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан). ҚР «Халық қаһарманы» Талғат Аманкелдіұлы қазақ тілді ортаға «сүйкімсіздеу» тұлға деп журналистер жар салып жүр екен, демек, қазақша сөйлей алмайды ғарышкеріміз. Әлде қазақ тілін менсінбей ме? Ол-басқа әңгіме.

Мұсабаев журналистерді, халық Мұсабаевты неге ұнатпай жүр?

Сенатордың  тілшілерге тіксініп жүруі мен Байқоңырдағы «Протон» апатынан кейін жасаған бірлі-жарым сұхбаты – оның қазақ қоғамы алдындағы абыройына сын түсірген екен о баста. Себебі, ол Байқоңырдағы бұл мәселені шешуге бел буып кете алмады ма, әлде әліптің артын баққаны  ма, кім білсін?.. Әйтеуір, халықтың өкпесі қара қазандай сияқты.

Әйтсе де, әдепсіздік болды деп жұрт қояр емес

Оның үстіне ол жақында  тағы да журналистер қауымымен шығыспай қалды. Әне, қараңыз, жоғарыдағы бейнебаянға 600-ге жуық пікір жазылыпты. 99 пайызы тұлғаның таудай атағы мен мәртебесіне қарамастан желіге салып “жүндеп жатыр”. Жанжалдың шығу себебі – сұхбат берерде Мұсабаевтің қайда тұратынын (камераның алдына тұруы керек қой негізі) журналист емес, өзі білуі тиіс екен және оған ешкім бұйырып айтпау керек екен. Жанына жетіп келген журналисті кеудеден бірақ итергенін жоғарыда көрген боларсыз. Оғаш көрінгені былай тұрсын, әдепсіздік болды деп жұрт қояр емес. Дегенмен, әскери тәртіпке дағдыланған кісі ғой дей салды бір ойым.

Ал, осы пікірлердің арасында тұлғаның жеке өмірі мен ел саясатына байланысты да алып-қашпа сөздер қайта жаңғыру үстінде. Бір ойлантарлығы, ол өзінің сенатор болғанын ұялы хабарлама арқылы бірақ білген-мыс.

Не десек те, ғарышкер Мұсабаев сенатор болды. Алдағы уақытта сенатордан ел сүйсінер үлкен игі істер күтейік. 

Ж.Айқын

 

0
Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару