Жексенбі, Ақпан 25, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Қарағандылықтар тәбиғи апатқа қарсы тұра білді

Қарағандылықтар тәбиғи апатқа қарсы тұра білді

Қарағанды облысындағы 4 ауылдың тұрғындары өз үйлеріне қайта оралды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

20 сәуірде облыстың барлық өзендерінде су деңгейі төмен түскен және су қоймаларынан тасыған су мөлшері де азайған. Шерубай – Нұра су қоймасындағы тасыған су көлемі 619 текше м/с-тен төмен түссе, Самарқандта 800 текше м/с және Ынтымақ су қоймасында 1100 текше м/с-ке азайған. Өткен тәуліктерде су деңгейінің төмендеуіне байланысты эвакуацияланған Чкалово, Сарытөбе, Андрейниковка, Огород елді мекендерінің тұрғындары үйлеріне қайта оралды. Бұл аймақта 5973 текше метр су сорылған.

Жергілікті атқарушы органдар, ТЖ департаменті бөлімдерінің, жергілікті полиция қызметі, Ұлттық гвардия әскері, автожол мен теміржол ұйымдарының күш біріктіріуі мен жедел әрекеті арқасында су басқан аймақтарда апаттан құтқару және шұғыл жұмыстар атқарылып жатыр.

Бір тәулік ішінде тасқынға қарсы шараларға 514 адам мен 159 техника бірлігі жұмылдырылған. Оның ішінде 156 ТЖД-дан 156 адам мен 33 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан 224 адам мен 88 бірлік техника, Ұлттық гвардияның 52859 әскери бөлімінен 6 адам мен 1 техника, жергілікті полиция қызметінен 128 адам мен 37 бірлік техника жұмылдырылды. Аймақтағы жағдай төтеншеліктердің бақылауында.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation