Сәрсенбі, Қыркүйек 13, 2017
Негізгі > Бас баған > Еліміздің басым бөлігі жаңбырлы болады

Еліміздің басым бөлігі жаңбырлы болады

www.ciphercloud.com

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жаңбыр жауады деп хабарлайды Хабар арнасы.

Найзағай жарқырап, тұман түседі. Екпінді жел соғады. Қиыр солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл тұрып, желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болса, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Ақмола, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі бар деп хабарлайды «Қазгидромет».
0
Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару