Дүйсенбі, Қаңтар 22, 2018
Негізгі > Желідегі жүйрік ой > КӨШПЕЛІ КІТАП СӨРЕСІ немесе болашақтың өркениеті кімнің қолында?

КӨШПЕЛІ КІТАП СӨРЕСІ немесе болашақтың өркениеті кімнің қолында?

Қазіргі уақыттағы адамдармен салыстырғанда, бұрынғы көне адамдар ақыл-ой, парасат иірімдеріне ынтық болған және соған қызмет еткен. Бүгінде, өкінішке орай, ілім-білім дамығанымен (оның өзінде оны белгілі адамдар шоғыры ілгерлетіп отыр), адамзаттық құндылыққа қызмет ету ісі солғын. Кісілік болмысты шыңдайтын қадамдардан гөрі, тұрмыстық қажеттілікті өтейтін амалдарға көбірек барамыз. Адам аяғы қалың тұстарда әртүрлі бұйымдарды жарнамалап жүрген қуыршақша киінген персонаждарды жиі ұшырастырамыз. Костюмінің өзі назарды аударып, «мен мұндалайды». Олар подгузник, иіс және сабын су сияқты арзанқол нәрселерді ұсыну қызметін атқарады.

Дәл осындай көпшіліктің әжетіне қажет нәрселер 19 ғасырда болмады ма?.. Болды. Бірақ, соны дабыралатып, таралуына, содан пайда табуға атсалысқан жоқ. Керісінше, имандылықты үйіретін кітаптарды насихаттады, таратты, саудалады.
Міне, соның дәлелі, төмендегі суреттегі «көшпелі кітап сөресі». Әйел нәзік иығымен АДАМЗАТ ҚҰНДЫЛЫҒЫН көтеріп тұр. Ақыл-ойды, көркемдікті, ибалықты, жалпы, рухани құндылықтарды насихаттаудан, ел ұтылмаса керек. Әйелдерінің ұлттық жадысы бүтін, ибасы берік халық – болашақтың өркениетін бастайтыны кәміл…

Әділбек Ыбырайымұлы

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation