Негізгі > Азаттықтың өшпес рухы

Оспан батырдың сегіз комиссары-12

Біз осы кезде орыстар мен монғолдардың 1932 жылы Қожанияз қозғалысында “Шығыс Түркістан” деп жарнама жариялап соңғы кезде алдап соққаны  біздің есімізде тұрды да қондырманын атын “Шын Түркістаны” деп атап бердік. Барлық істі жүргізетін тоғыз полковник құрастырылды. Оларға біртұтас батыр атағы беріліп қолдарына құжат та ұстатылды. Олар Оспан батыр, Сүлеймен батыр, Сұлубай батыр,

Толық оқу...

Қалың жаудың Оспанға шабуылы-11

(Жалғасы.басы мына айдарда- Азаттықтың өшпес рухы) 300 адаммен Нұрдан батырды  Оспан Арғылтай қарауылына жіберген екен. Мен сол күні түнде семьяма барып қонған едім. Түн ортасында “жау келді” деген суық хабар дүңк ете түсті. Оспан тобының жазыққа түсуін ұзақ күтіп сарғайып отырған қаһарлы жаудың күштісі мен тістісі, кәрлі мен зәрлі қазақтарға неше

Толық оқу...

Жәнібек батырдың туы-10

Қапас екеумізді Қоңырқай дарасындағы бекініске апарып бақты. Қапас тез жазылып кетті. Өйткені оқ сүбені тесіп өтіп кетіпті. Әкем алтын салған аю өтімен 31 күн емдеп жазылып кеттім. 30 кісі ертіп беріп Сұлубайды Бұлғындағы Жәнібек аулына Жәнібектің туын алып келуге жібердік. Сұлубай туды алып Зарыққанды ертіп Күртіде отырған Оспанға келді. Ту келгеннен

Толық оқу...

Монғолиямен келіссөз-9

Қалқа жеріне жорық Ендігі жоспарымыз Қалқаның шекарасынан кіріп, ат алу болды. Оның 1940 жылы бізді алдап Бұлғынға апарып алып, қытайға қырғызып тастағаны есімізден мәңгі кететін емес. Барлық адамдарымыздың саны дәл 99 еді. Осыдан 31 адам Оспан мен Сүлеймен қолында қасап болып ат бағып қалды. Мен 1931 – 1932 жылдарда Монғолияға сауда істеп

Толық оқу...

Оспан қозғалысты бастауда-8

Менде бір мылтық тығулы қалған еді. Жанымхан қайта – қайта кісі салып сары ізіме шөп салғандықтан 1941 жылы 3 қараша күні өзім бармай Жанымхан жіберген адамына беріп қоя бердім. Заман қалай болады? деп сонда да мүмкіндік сақтап қалдым. Ойнақтап толқын жел гулеп, Майысар діңгек сықырлап. Ол жүрген жоқ бақ іздеп, Қашпайды бақтан не бойды

Толық оқу...

Сүлеймен батырдың шәйіт болуы-7

Елдің қайта қозғалуы Сол жылы недәуір тыныш қыстадық. Бірақ қытайлар әскерлерді жасырын кіргізе бастады. Дабысын Келеңсай, Дөңті, Қаратүнке, Көктоғай кен районы болып тас қазады деген сылтаулармен бандит Шын Сысай өз күшін шоғырландыра бастады. Болып жатқан осындай құбылыстарға қарап мәселенің төркіні болған қазақтардың жерге иелік құқығы деген тармақ бұзыла бастады деп отырғанымызда,

Толық оқу...

Жауға берілген алғашқы соққы-6

Осы қалың жауға үш төбеден атыс бердік. Бірінші жағы қара жолдың құйғанындағы қыратпен болды. Оған Оспан Шамғұн 300 әскермен жүріп кетті. Ал Алаайғыр шоқысына Ырысхан, Ләтіп, Сүлеймен батыр 300 адаммен кетті. Кәмел басшылығындағы 300 адам болса Жінгі мен Үлкен Қайыртының арасындағы тұмсықтың астына жөнелді. (38) Онда қытай армиялары түскелі төрт

Толық оқу...

Оспан күш жинауда-5

Күресуге анттасу  Жау қолынан қашып шыққан адамдар екі ұдай болды. Ырысхан, Ақтеке тобы: - Гансуге кетеміз, - деді. Масғұт, Қапсәмет моллалар кітап ашып: - Қатын-баланы қорғап жүріп өлсең шәйіт боласың. Өз басыңды алып қашып жүріп өлсең, шәйіт болмайсың, - деді. Ырысхан, Ақтеке: - Егер біз елге барсақ, жау сендерді үйлеріңе жібереді. Мал-жаныңды әперер. Біраз қарыңды тойғызған

Толық оқу...

Мұса мергеннің шәйіт болуы-4

Үлкен Қаптыққа барсақ, алдымызда Көксеген тобы бар екен. Сонымен мыңға таяу адам болдық. Кіші Қаптықтан Үлкен Қаптыққа бара жатқанымызда, жолдан қашып келе жатқан екі Сарбас жігіт кезікті. Оларды жер шарлауға үкімет жіберіпті. Оларды ұстап алдық. Бірақ, олар шынын айтқандықтан қоя бердік. Үлкен Қаптыққа бардық. Онда аң көп екен. Қорымыз болмағандықтан

Толық оқу...

Көктоғайдың қытай бастығын өлтіру-3

  Ертеңінде біз Сартеректен бергі ел Ақыт мешітіндегі жиынға келдік. Жиналыстың өту ахуалы қауіпті болды. Келгеніміз 200-дей адам едік. Адамдарды дәретке шығармады. Есіктен кірген жерден ауыздан уәде алды. - Мылтықты береміз, - деп шулап кірдік. Шән сөзінде: - Сендерде мылтық көп. Тауға да тығып отырсың, үйге де тығып отырсың. Біз білеміз, қолымызда мәлімет

Толық оқу...