Негізгі > ○ Блогер жазбалары (Page 15)

Көздеген межесі – ғылым

Тарихымызды таразыласақ, елі мен жеріне, Отанының өркендеуіне еселі еңбек етіп, тау-кен өндірісі саласында өшпес із қалдырған тұлғалар көп. Сондай жанның бірі – баянауылдық геолог, ҚР Минералды ресурстар академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы мен Халықаралық инженерлік академияның академигі Бекжанов Ғинаят Рахметоллаұлы. Ғинаят Бекжанов 1927 жылғы 7-ші наурызда Баянауыл ауылына

Толық оқу...

Рахымжан Отарбаев: САҒЫНЫШ СИМФОНИЯСЫ

Ол бізден соншама алыс. Ол бізге соншама жақын. Жол қашықтығы қас-қағым сәт. Ал, ой алыстағы ше? Мына тамыры тынымсыз бүлкілдеп жатқан жұмбақ дүниені қапысыз тану, табиғи болмысты өз көзімен көру, алақұйын сезім ағымын тежеп, ой қалыбына құю, уақытшалықтың алаөкпелігін мәңгіліктің салқын сазында суыту, көркем көрінемін деп, әлем-жәлемі шыққан мына бедеу тірліктің анық

Толық оқу...

Жұмекен ақын ғашық болған қыз

Жұмекен Нәжімеденовтың қандай ақын екенін айтып, сөз шығындап жататын сыншыларды өз басым түсінбеймін. Оның тереңдігі, тыңнан түрен салып қазақ өлеңін түлеткен қайраткерлігі соқырға таяқ ұстатқандай анық көрініс қой. Көрініс былай тұрсын, құбылыс қой. Қазақ сыншыларына ақын-жазушының шығармашылығына жалпылама баға беруді қою керек. Ол ар алдындағы әділетсіздік, әдебиет алдындағы әлсіздік болады.

Толық оқу...

Баянауыл басынан жыр тарқамас…

Жас ақын, жалынды ақын Әлия Іңкәрбектің «Тасқын» атты жыр жинағы Баянауыл жұртшылығына таныстырылды. Өлең өлкесіне өзіндік лебімен келіп, өмірі өлеңмен өрілген Әлия XVII Халықаралық Шабыт фестивалінен Әдебиет аталымы бойынша тағайындалған «Ф.Оңғарсынова атындағы» арнайы жүлденің иегері. Жақында ғана Ә.Іңкәрбектің «Тасқын» атты жыр жинағы Қарағанды, Астана қалаларынан кейін Баянауладағы жыр сүйер қауымға

Толық оқу...

Доктор Gerd Bunzel: Абай музейіне қайран қалдым…

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы туралы не айтасыз?   Доктор Gerd Bunzel: Мен Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың кім екенін бұдан бұрын жетік білмедім. Музейді аралап жүріп, көптеген құнды құжаттарды, ақынның өміріне байланысты толыққанды деректерді көрдім. Сол арқылы Абайдың шығармашылығымен жақынырақ таныстым. Күллі қазақ әдебиетіне зор үлес қосқанын сездім.   Мұражайдан қандай әсер алдыңыз?   Доктор Gerd Bunzel:

Толық оқу...

«Жерұйық» порталының жеті қыры

Әуелі «Жерұйық» сөзінің түп-төркіні не деген сауалға жауап берейік. Бағзыдан қалған аңыздарда Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, шұрайлы мекенді, көгорай шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. «Елді сол жерге қоныстандырсам!» - деп, арман етеді. Ендеше, бұл порталдың «Жерұйық» деп аталуы – ұлттың күре тамыры һәм басты

Толық оқу...

Т.Темірбай: “Оян қазақ!” деуменен ұран тастап, Өзі оянбас сапарда қалғаны-ай…

Тереңіне жан қалмай таңданбаған, Ғасыр өтіп шайырды таңдар ғалам. Жанарыңда – әлем бар, тылсым-тұнық, Жүрегіңде – ақын бар жаутаңдаған.   Біржан Ахмер   АРЛАН... Алты қарыс азуын білеп айға, Жар басында жүр еді сұрқай арлан. Отты көзін туп-тура тіреп ойға, топ қорқауға қадалып тым таяудан. Ыза буып,қан ойнап көздерінде, Сүңгі түгі жалынан көкке ұмсынып. Ақырған да кенеттен өзге мүлде, Зор үнменен жаңғыртып бөктер шыңын. Тайсалып топты

Толық оқу...

8-наурызға 8 ару ақынның таңдаулы өлеңі

Аяулы аналар мен құралай көз қарындастарымыздың мерекесіне орай, қазақ поэзиясында өзіндік сүрлеуі бар ақын аруларымыздың өлеңдерін жұрт назарына ұсынуды жөн көрдік. Гүлдей нәзік, Күндей нұрлы, таңғы шықтай мөлдіреген, жылы сөзге жүрегі елжіреген ару ақындарымыз жасай берсін!    Фариза Оңғарсынова   Көңілімнен кетіп көп арман, көзімде тұнып мұңдарым, сәулелер быт-шыт жоғалған құштырып маған құндағын. Қызғалдақ гүлдер дөң басқан қызығы тоқтап

Толық оқу...

«Жерұйық» болгерлерінен Біржан көш бастап тұр

Оқырмандар үшін сайт ішінен «Жерұйық» блогері» атануына мүмкіндік жасалғалы біраз уақыт болды. Оған қызығушылық танытып жатқандар қатары да көбейе түсуде. Сайт статистикасы блогер болып тіркелгендер қатарының 200 ден асып кеткенін көрсетуде. «Жерұйық» блогерлер тұғырының әлеуметтік желідегі парақшалардан өзіндік артықшылғы бар. Біріншіден, әлеуметтік желідегі жазбаларын сол парақшадағы достары ғана оқыса, Блог тұғырдағы

Толық оқу...

Шал ақын: Ата менен анаңды құрметтесең, Мекке болып табылар үйдің іші…

Пұт болдым деп мақтанба, Одан да ауыр батпан бар, Би болдым деп мақтанба, Асқар ала тау менен, Ар жағында аспан бар. Басыма бақыт қонды деп, Зауалды жалған дүниеге, Біле білсең таспаңдар. Қарсы жүрген адамың, Басын исе достық қыл, Жеңілсе дұшпан достық қыл, Аяққа салып баспаңдар. * * * Мекке менен Медине – жолдың ұшы, Алыс сапар дейді ғой барған кісі. Ата менен анаңды құрметтесең, Мекке болып

Толық оқу...