Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында жуықта тағы үш ескерткіш ашылды. Батырлар мен ақындарға қойылған мүсінді жергілікті кәсіпкерлер жеке қаражаттарына тұрғызыпты. Оның бірі ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ескерткіші Ақжар қаласында салынса, көрші Маңырақ ауылында да екі ескерткіш ашылды. Оның бірі – белгілі ақын Әміржан Жанұзақұлына, ал екіншісі Дәулетбай батырға арналған . Аталмыш тастұғырлардың авторы – белгілі сәулетші Әлібек Шоқанов.
Осы орайда Тарбағатай ауданында тағы бір маңызды шара өтті. Өңірдің тарихынан сыр шертетін «Үкілі найза ұстаған үш Байжігіт» атты кітаптың тұсауы кесілді. Жергілікті жұрт бұл туындыны туған жер тарихына арналған энциклопедия деп атап кетті.
Айта кетсек, былтыр Ақсуат аудан орталығында Абайға, Мұрын анаға, Ойшілік ауылында Хан Тоғасқа ескерткіш қойылған болатын.