Бұл оқиға Екатеринбург қаласында орын алған екен. Қаладағы көпқабатты үйлердің біріндегі құбырды жөндеуге келген қызметкерлерге бір пәтер иесі есікті ашпағандықтан, олар пәтердің есігін бұзып кіруге мәжбүр болған. Бірақ, қызметкерлер өздерін өте қорқынышты көрініс күтіп тұрғанын білмеген еді…
Пәтерге кірген олар, жатын бөлмеде жатқан пәтер иесінің жансыз денесін көреді. Жәй ғана денесін емес, мумияға айналуға шақ қалған денесін көрген.
Кейінірек белгілі болғандай, ол сол пәтердің иесі, 1945 жылы дүниеге келген Коротаева Людмила екені анықталған. Көршілерінің айтуынша, ол мұғалім болып жұмыс істеген. Ал, көршілерімен ара-қатынасы алшақтау болған көрінеді. Дәл осы себепті, Людмиланың жоқ болып кеткенін ешкім де байқамаған.
Тексеріс нәтижесінде, пәтер иесінің 2012 жылы қайтыс болғаны анықталған. Бірақ, бір таң қаларлығы, оның денесі дәл мумия секілді сақталған. Сол себепті, осы 4 жыл бойы көрші пәтердегілердің ешқайсынан жағымсыз иіс туралы шағым түспеген.
Қазір қайтыс болған пәтер иесінің денесіне сараптама жасалынып жатыр екен. Оның нақты қай күні қайтыс болғанын анықтау үстінде.
Бұл оқиғадағы көршілеріне ең басты туындаған сұрақ: «қарапайым пәтер иесінің денесі дәл мумиялар секілді бұзылмай, ешқандай да иіс шығармай сақталуының құпиясы неде?»
Бірақ, 4 жылдан бері ешкімнің де іздемегені таң қалдырады.