Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Семей «Жастар» колледжінің «Аспазшы» мамандығы бойынша қысқа мерзімді курс оқушыларына «Патриот» насихаттау тобының аясында «Қазақстан-2050» бағдарламасы бойынша «Әлемді өзгертетін идеялар»: ұлт жоспарының өмірге жолдама алған қадамдары» атты дәріс өтті.
Мақсаты: жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Дәріс барысында кітапханашы ҚР Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы – бұл нақты бағдарламалық құжат, онда елді одан әрі дамытудың негізгі бағыттары айқындалғанын, таяу жылдарға арналған мемлекет дамуының маңызды басымдықтары қаланғанын және Қазақстанның дамудың жаңа белесіне шығуындағы нақты қадамдарын көрсететінін баяндап берді. Елдің стратегиялық дамуының көрінісі және сенімі болып табылатын бұл Жолдауды басшылыққа ала отырып еліміз бұдан әрі қоғамды жетілдіруде үлкен жетістіктерге жетуі сөзсіз екенін атап өтті.
Бұдан әрі республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», атты мақаласына тоқталып, ондағы ерекше көңіл аударылған бәсекелік қабілет, ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу, прагматизм, Қазақстанның дамуы туралы бағыттарын атап өтті.
Шараға қатысушылар аталмаш мақала бойынша және Елбасы Жолдауының өзектілігі туралы өз ой-пікірлерімен алмасты. Арнайы пәндер оқытушысы Еркеш Балғабайқызы Ергебаева өз сөзінде: «Бұл терең мазмұнды, және ауқымды қамтылған бағдарламалық құжат, халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән жоқ. Ол ең алдымен тәуелсіздіктің ұрпақтары біздер, жастарға бағытталған», – деп атап өтті.