Сенбі, Тамыз 26, 2017
Негізгі > Түрме хикаяаттары > АТЫЛМАЙ ҚАЛҒАН ОҚ (түрме хикаяттары-6)

АТЫЛМАЙ ҚАЛҒАН ОҚ (түрме хикаяттары-6)

Тақырып: АТЫЛМАЙ ҚАЛҒАН ОҚ (түрме хикаяттары-6)

Мақала мәтіні:

Абақты қатар-қатар болады екен,

Ішіне жақсы-жаман толады екен.

Ішіне абақтының кіріп барсаң,

Көңілің су сепкендей болады екен.

Бұл Мәди Бәпиұлы. Мұңға толы «Үш қара» әні. Қай түрмеде отырып жазғанын кім білсін. Мәдидің Семейдегі абақтының табалдырығын аттағаны тарихи шындық. Жалпы Семей шаһарының дәл ортасына орналасқан көне көз түрме ғимараты үш ғасыр бойы бір тәулікте бос болып көрген жоқ...Бұл бір сұсты, құпияға толы, қанды, қасіретті, мұңлы, зарлы, жоғарыда Мәди айтқандай, жақсыға да, жаманға да, ақынға да, азғынға да, кінәсізге де, күнәліге де бірдей суық, адам баласын алаламайтын, тапқырлыққа шебер адам баласы ойлап тапқан жан түршігерлік, күнгейінен көлеңкесі басым қорқынышты қуыс.

Тағдыр солай болса амал бар ма. Осы түрмеде мен аттай 14 жыл 7 ай қызмет еттім. 11 жылдай басшылық жасадым. Қадірменді оқырман! Сіз түсініңіз, менің мақсатым өзімді дәріптеу емес. Түрмені «мемлекет ішіндегі мемлекет» дейді. Сол мемлекетке басшы бола отырып, оның ыстығына күйдім, суығына тоңдым. Оның ішкі жан-дүниесіне қанықпын. Тас қапас қамалдың ішіндегі жұмыр бас адам тағдырына мен 15 жылдай үңілдім. Еркін жүріп қиындық көру бар, оған төзу бар. Ал бас бостандығынан айырылып қасірет шегу бар болса, оған төзудің шегі бар ма?

Абақтыны ойлап тапқан адам баласы болса, абақтыға түсетіндерді кім іріктейді? Ол қандай күш, ол қай құдірет? Тордың ішінде отырғандар ерекше бір ұлт па, әлде ұлыс па? Сергелдеңді серік етіп, еркінсіздікке езілмейтін, жігерін қиындық қайрайтын, жүрегінің түгі бар, кешегі қуғын-сүргінде тізе бүкпеген алаштың алтын ұлдарының атын күбірлеп күнде айтатынмын. Ай, сұм түрме олардың да жанын қинады-ау!

Адам шыр етіп дүние есігін ашқанда, оның маңдайына тағдыр не жазады? Түрмеге түсуде жазыла ма? Жоқ әлде...

Мына бір тағдырды сіз қалай түсінесіз? Қызметтен келіп, күндегі әдетім бойынша теледидардан жаңалықтар топтамасын көріп отырып, Ұлыбритания ханшайымы Диананың автомобиль апатынан қайғылы қазаға ұшырағанын есітіп, мың-сан ойға кетіп отыр едіп, Дәліздегі телефон ышқына шырылдап, безектей жөнелді. «Безектеуің жаман, қандай хабар әкелдің?» деп телефонға қолымды создым.

«Аға, - деді кезекші (қол астымдағылардың басым көпшілігі мені осылай атайтын) – елуінші камерадағы сотталмаған Лактионова босанып қалды. «Жедел жәрдем» шақырттым. Мекеме дәрігерлері осында. Сізге Адайды (жүргізушім) жібердім. Қандай бұйрық болады?

- Ұл ма, қыз ба?

- Қыз.

- Онда Жұмаханова Бағиланы жұмысқа алдыртыңдар-деп,

трубканы қойып, терезеге қарасам, Адай келіп тұр екен.

Бағила мекемедегі қызметкерлердің ең тәжірибелісі болатын. Жеке құрамдағы орысы бар, қазағы бар, бәрі дерлік Бағила апай дейтін. Тіпті өзінен жас мекеме бастығының орынбасарлары да апай деп сызылып тұратын.          «Түрмеге мың құбылып қыз кезімде келіп едім, енді түрім өзгеріп, апа болып отставкаға шығамын» деп күлетін. Бағила қазақтың барлық әдет-ғұрпын біліп, біліп қана қоймай ұршықтай иіріп игерген, «суымен кіріп, күлімен» шығатын қазақ келіндерінің асыл қасиеттерін бойына сіңірген, орта бойлы, сөзге шебер, түрмеде отырғандардың тілін табатын, әріптестерін құрдай жорғалататын, сауыт киген батырға садақ асынған жар болуға лайық еді.

Түн ортасында кабинетте екеуміз ғана. «Ал, Бағила, бар өнеріңді сал. Мына байғұс, жаңа босанған орыс әйелінен ақыл-кеңесіңді аяма. Көрсет, үйрет. Бірінші рет босаныпты. Омырауынан емізудің не екенін білмейді. Өмірге келгеніне бір сағат болған нәрестеде не кінә бар. Сен оған кіндік шеше бол. Аяла, аймала. Жаңа туған балаға кіндік шешенің міне-құлқы жұғады дейді. Олай болса өскен кезде жаман болмас. Жас нәресте қырқынан шыққанша аянба»-дедім. Сол түні қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығымен телефон арқылы сөйлесіп, таңертең перзентхананың дәрігерлерін жіберіп, босанған әйелдің, нәрестенің денсаулығын тексеруді сұрадым. Таңертең келген дәрігерлер олардың денсаулығына ешбір қауіп жоқ екенін айтты. Ертеңіне күн сәулесі көбірек түсетін камераны қас пен көздің арасында күрделі жөндеуден өткізіп, шеберханада кәдімгі, өзім сызған жобамен ағаш бесік жасаттым. Қызына анасы Диана деп ат қойды. Бір тәуліктің ішінде Дианаға қажет керек-жарақтың бәрі бір төбе болып жиналды. Әсіресе, жаялыққа қарық болды. Ол ешнәрседен тапшылық көрген жоқ. Анасының бесікке асылып емізіп, әлдилеп тербетіп отырғанына талай куә болдым. Қырқынан шығуына бір апта қалғанда Ресейдің Кемеров облысы Прокопьевск қаласынан Диананың әжесін алдыртып, немересін қолына аман-есен тапсырдық.

Кабинетте төртеуіміз отырмыз: мен, Бағила, Лактионова және оның анасы. Алғысында шек жоқ. Бүкіл қазақ халқына рахметін шын жүрегімен айтып жатыр. «Қайыр қылсаң бүтін қыл» дегендей өз қаражатымызға билетін алып, Диананың барлық мүлкін қоржынға салып, алмаймын дегеніне көнбей, әжесіне біраз ақша бердік. Кабинеттен шығып барады, егіліп жылап барады. Бағиланың поезға шығарып салып келіп, кабинетке кіріп көзі жасурап: «бауырымнан ажыратып өз баламды бергендей болдым ғой, тәйірі» дегені әлі есімде.

Бұл- адам тағдыры. Нәресте кең дүниеге еркіндік жоқ кеңістікте келді. Тар қапаста ана сүтін емді. Нәзік денесіне түрменің иісі сіңді, ауасын жұтты. Еркіндікке кетті. Ана қалды абақтыда. Анасын зар еңіретіп, әжесін егілтіп, жылы көрпеге құндақталып, еш нәрседен хабары жоқ, тәтті ұйқының құшағында Диана шекара асып кетіп барады. Оның болашағы қандай болмақ. Аман болсын, әйтеуір.

Осы оқиға бір Диананың опат болып, бір Диананың дүниеге келген тамыздың сол бір күні жыл сайын есіме міндетті түрде түсіп отырады.

Ішінде абақтының біз жатамыз,

Көңілді құмалақпен жұбатамыз.

Алыстан іздеп келген ағайынға,

Алақандай тесіктен тіл қатамыз.

Бұл тағы да Мәди. Осы бір шумақ өлеңнің ішінде қасірет жатыр. Адам жан-дүниесінің трагедиясы. Тар қапаста отырып, алақандай тесікке телміре қарап, сағынып-сарғайып келген, төрінен көрі жақын әке-шешемен, арып-ашыған аяғы ауыр жұбайымен, не күлерін не жыларын білмей, көзі жәудіреп тұрған баласын көріп тұрып, оларды мейірлене аймалай алмаса, еркін де тайсалмай тілдесе алмаса- бұл кімге де болса азап. Ұшы-қиыры жоқ кең дүниеде алшаңдап басып жүрген адам баласын қандай күш әкеледі абақтыға? Бәлкім, жаратқан солай жазып қойды ма? Қандай шайтан түрткілейді екен? Әлде өмірдің көлеңке жағын өзі таңдады ма? Әйтеуір, көзге көрінбейтін бір күш жетекеп әкеліп, аты да заты да суық, тірілердің тозағы-түрмеге әкеліп кіргізеді. «Абақты азап орны, жайнаған шоқ» - деген атақты Балуан Шолақ. Азап дедік түрмені. Ал азап болса, адам баласы ат-тонын алып неге қашпайды одан? Түрмеге бір түскен соң «енді құдай бетін аулақ қылсын деп» неге сонымен шектелмейді? Неге келе береді? 7-8 рет сотталғандарды өз көзіммен көрдім. Олармен талай тілдестім. Сырын да шынын да жасырмай айтқандары аз болған жоқ... Олардың арасында абақты «өз үйім өлең төсегім» дегендер де кездесті. Ал, түсініп көр оларды. Солардың жан-дүниесіне  үңілген сайын мені мазалаған адами сұрақтардың жауабы адам санасының  қиялы да жетпейтін «сары сандығында» жатқанына көзім жетті. Қамшының сабындай қысқа өмірде қаншама жұмбақ, қаншама құпия, тар жол тайғақ кешу, күйзеліс, арпалыс сиып жатыр десеңізші! О, адам баласы, неткен жұмбақ, неткен төзімді едің!

... Қарсы алдымда орта бойлы, шымыр денелі, сымбатты тәжік жігіті отыр. Орысшаға өте жетік, өзбекше де еркін сөйлей алады. Асықпай өмірбаянын айтып отыр. Өзін еркін сезінсін деп алдына шығысқа тән дастархан мәзірін жасап, «өзбектің өрік-мейізін» араластырып, шай алдырттым. Жазасын өтеп Иркутскінің бір колониясынан шартты түрде ерте босап, Тәжікстанға кетіп бара жатқан жарты жолда түрмеге тағы түседі... Екі рет сотталған. 70-тен асқан әке-шешесі, үш қызы бар, алды бой жеткен. Өзі 15 жылдай Ресейге барып-келіп, мерзімді жұмыс жасап, бала-шағасын асырап жүрген. Сөзіне қарағанда қолынан талай кәсіп келеді. «Құдай осы мені түрмеге байлап қойды ма? Білмеймін. Елдегі ата-анадан, туған туыстан ұят болды. Енді міне үшінші рет түстім. Сонау Иркутскіден бері ешнәрсеге ұрынбай-ақ келе жатыр едім. Белағаш стансасына жақындап қалғанда, жуынып-шайынып өз купеме келе жатқанда, жолсеріктің бөлмесінен ішіп алған екі орыстың жігіті шықты да, ойламаған жерден ауыр сөздермен мені балағаттай бастады. Сөздері сүйегімнен өтіп кетті. Үндемей қоя салуға болар еді. Қыр соңымнан қалмай, құлағымның түбінен әбден титығыма тиді. Намыс жібермеді. Ерегістің соңы төбелеске ұласты. Есемді жібермеуге тырыстым. Осалдық көрсетсем таптап кетпекші. Қызып кетсем керек, қолдарымды аямай сілтедім-ау деймін. Біреуіне соққым оңдырмай тиді. Ой, Алла, купелерінен бір адам басын шығарған жоқ. Бір-екі терезе сынды. Сөздің қысқасы, поезд Семейге келіп тоқтағанда, қолыма кісен кигізілді. Осы түрмеге келгеніме үш күн болды. Үйге жетпей тағы сотталатын болдым. Елдегі туыстарыма әкеле жатқан екі сөмке базарлығым бар еді, өзімнің киім-кешегімнің қайда қалғанын, кімнің алғанын білмеймін. Соларды жиып алуға мұрша бермей, поездан түсіріп алды. Тап-тақыр жұрдай болды деген осы. Сізден өтінерім-маған қағаз-қалам бергізіңіз, туыстарыма хат жазайын. Көп жатып қалмасын, хатты елге арнаулы тапсырыспен (заказное) жіберуіңізді сұраймын». Өтінішін орындадым. Иркутскіден, Саратовтан жеке басының ісін (личное дело) алдырттым. Маған айтқандары мен жазылғандардың арасынада ешқандай алшақтық жоқ. Бәрі дұрыс. Түзеу колониясында 2 рет өмірінің алты жылын өткізген. Менің таң қалғаным, осы мерзім ішінде  жазасын өтеп жүріп, тек қана ағыс пен марапат қана алып жүрген. Құжаттарының арнаулы бетінде бірде-бір сөгіс немесе ескерту жоқ. Бұл еңбекпен түзеу мекемелерінде сирек кездесетін құбылыс. Бірінші рет Саратовта жүріп қандасына араша түсемін деп төбелесіп, 2 жылға сотталады. Екінші рет Иркутскіде бір жуан мойын, шұбар балақтың үйін салып, маңдай терімен тапқан еңбек ақысын ала алмай біраз сандалады. Сөзін сөйлеп, жақтайтын ешкімі жоқ. «Жаңа орыс» түрлі желеулермен жалақысын бермей жүріп алады. Еңбек ақысын ала алмайтынына көзі әбден жеткен соң «берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан деп» тал түсте барып, берешегін екі есе етіп тартып алады. Тағы сотталады. Соңғы жағдайды сіздер білесіздер.

Тәжік жігіті менің қабылдауымда тағы отыр. Хатқа жауап келіпті.

- Оқып шығыңыз.

- Мен тәжікше оқи алмаймын ғой.

- Орысша жазылған. Үлкен қызым орысша оқиды. Аманшылық болса биыл мектепті бітіреді.

-  Хатты оқығаным ыңғайсыз болып жүрмей ме?

- Ішінде құпия ештеме жоқ.

Тоғыз бет хат. Әріптері күріштей тізіліп, әп-әдемі болып жазылыпты. Маған тағы таң қалуға тура келді. Хатта өкініште, өкпеде жоқ... Ауыл-аймақтағы жаңалықтар. Ағайын-туыс арасындағы өзгерістер. Болған және болатын той-томалақтарда жазылған. Қызы хаттың тоқ етерін былай келтіреді. «Жаратқан біздің әулетке күтуді жазған шығар. Амал бар ма? Қайда жүрсеңізде аман болыңыз. Жырақта жалғыз жүрсеңізде сіздің арқаңызда ешкімнен кем болған жоқпыз. Тапқан таянғаныңыздың бәрін бізге жіберіп отырдыңыз. Ішерге тамақтан, киюге киімнен тапшылық көрген жоқпыз. Сіздің хатты оқығанда атам мен әжемнің көз жастары көл болып, шөгіп қалама деп қорқып едік. Олар берік екен. Сыр берген жоқ... Атам «бәрі Алланың әмірі» деді де қойды. Оларға қарап біздің қайғырғанымыз артық болар дедік. Аман болыңыз. Хабар-ошарсыз кетпеңіз. Біздің шаңырақта да бір тойдың болатынына біз сенеміз. Сізден хат келген күні мамам екеулеріңіздің үйленген жылы түскен суреттеріңізге қарап көзі сәл жасаураған болатын. Түнде оянып кетсем біздің аяқ жағымызда сіз келген сайын киетін жібекпен өрнектелген тақияңызды бетіне басып жылап отыр екен».

Үн-түнсіз хатты қайтарып бердім. Тәжік жігіті хаттың соңғы бетін ашып, алақанымен бір сипап алды да, дыбысын шығармай егілді-ай дейсіз. Бет әжімдерімен  көз жасы таңғы шықтай сырғып хат бетіне тамып жатты. Бұл көрініс мені де бей-жай қалдырмады. Әзер шыдап отырдым...

Еркіндікке, бостандыққа не жетсін, шіркін! Оның қадірін жан түршігерлік түрменің тар камерасындағы темір төсекке таңылғанда ғана сезетіндер бар. Бірақ оның бетін аулақ қылсын, сөз орайы келгенде айтпасқа шара бар ма. Үлде мен бүлдеге орап, астына мамық көрпе, басына жұмсақ құс жастық қойып, алдына алтын табаққа ас құйып, қолына күміс қасық берсеңде абақтағылар бостандықты аңсайды. Мойнында бір емес бірнеше адамның қаны болсада, кеңірдегіне дейін кешірілмес күнәға батсада . Еркіндіктегі қара нан мен қара суға жетпейді. Мың жерден бекет ашып, жүз жерден күзет қойсаңда, тормен орап тастасаңда иненің көзіндей тесік болса болды. Амалын табады, қашады. Алысқа бармайтынын, қолға қайта түсетінін біліп тұрсада.

...Кезекшінің «қылмыскер қашты!!!» деген баянаты құлағыма біздей қадалды. Кабинеттен оқтай атылып далаға шықсам, болар іс болып қалыпты. Бір топ қызметкерлерді жедел түрде із кесуге жібердім. Олар төрт есіктен далаға шығамын дегенше уақыт едәуір өтіп кетті. Селектордың екі түймесін батыра бірдей басып  тұрып қару асынып бекетте тұрған Саяхат Төлебаев пен Владимир Фрунзеден «неге атпадыңдар?» деп сұрадым.

- Серік атқызбады.

- Қай Серік?

- Мұхамеджанов!

Трубканы қойып жатып «онда Серік министрдің бұйрығынан күшті болғаны ғой» дедімде көргенімді, естігенімді жоғарғы жаққа баяндауға кабинетке көтерілдім. Әрине, барлығының шүйліккені ішкі қызмет капитаны Мұхамеджанов Серік болды. Түтіп жеп қоймақшы. Осы тосын да төтенше жағдайдың егжей-тегжейін тексеру үшін Астанадан ішкі қызмет полковнигі Асқар Мұхтаров келді. Тәңір тілеуін бергір, елдің берекесін алмай, әңгір таяқ ойнатпай-ақ жағдайдың мән-жайын тексерді. Бастықтарға тексерудің қорытындысын өзі баяндады. «Ал, Әлеке, бір сыннан өттік. Ендігі басты міндет-қашқынды ұстау. Үш тәуліктің ішінде  құрыққа түсірсек, жерге қарамаймыз. Іздеу шараларының іске асуын қатаң қадағалаңыз, тікелей өзіңіз басшылық жасаңыз»-деді.

С.Мұхамеджановтың іс-қимылы дұрыс деп шешілді. Екі автоматтан бір мезетте бораған ақылсыз оқтан бір емес бірнеше адам мерт болары хақ еді. Әсірісе, В.Фрунзенің оғы қашқынды ғана емес, түрлі шарушылық жұмыстарын атқарып жатқан үш-төрт адамды орып кетері даусыз еді. Соны дер кезінде түсініп, бағалай білген Серік қашқынмен бірге ілесе биіктігі бес құлаш қорғанға өрмекшідей өрмелеп оның тобығынан ұстағанда, аяғы тайып кетіп, уысынан шығарып алған.

В. Фрунземен сөйлесіп отырмыз. «Мен автоматымның ұңғысына лезде оқ жіберіп (ол құралайды көзден ататын мерген болатын), қаруымды оң иығыма тіреп, қашқында нысанаға алып, көздеп тұрып шүріппені басуға ыңғайланғанда назарым Серікке түсіп кетті.  Екі қолын аспанға созып «Володя, құдай үшін атпа» деп жан ұшыра айқайлап жүгіріп келе жатты. Ол маған жалбарынғандай болып көрінді. Серіктің осы түрін көргенде, автоматты аспанға ату да есімнен шығып кетіпті. Адам атты деп атағымды шығармай-ақ қояйын деп тұрған жерімде сылқ етіп отыра кеттім».

70 сағаттан кейін  оперативтік бөлімнің бастығы, аға лейтанант Көнекбаев Тлеуберген(бұл күндері Тлеуберген Қостанай облыстық қылмыстық-атқару департаментін басқарады, полковник) бастаған із кесуші бір топ қызметкер қаперсіз жатқан жерінен қашқынды тырп еткізбей ұстап, қолына кісен салып дедектетіп, желкелеп алып келді. Бір қылмысы екеу болып, жылына жыл қосылып, бармағын шайнаған қылмыскердің тағдыры маған беймәлім. В. Фрунзеге араша түсе алмағаныма осы күнге дейін өкінемін.

...Кейде қала шырт ұйқыда жатқанда, түнде кезекшілікті тексере келгенде үш ғасырды басынан өткізіп жатқан түрменің ескі ғимараты ентігіп, екі иығынан демалғандай болып, немесе күйзелістен ауыр күрсінгендей болатын еді. Бұл темір тордың аржағында, тағдырлар тоғысқан иірімде басқа көріністің болуы екі талай.

Әли-Хан  Омарбеков, отставкадағы полковник.

ӨШ (Түрме хикаяттары-5)

БҰҒАУ САЛЫНҒАН БҰЙРЫҚ (Түрме хикаяттары-4)

ҚАШҚЫНДАР (түрме хикаяаттары-3)

ГЕНЕРАЛДЫҢ ҚЫСҚА БАТАСЫ (түрме хикаяаттары-2)

ТОСЫН ТАПСЫРМА (түрме хикаяттары-1)

Абақты қатар-қатар болады екен,

Ішіне жақсы-жаман толады екен.

Ішіне абақтының кіріп барсаң,

Көңілің су сепкендей болады екен.

Бұл Мәди Бәпиұлы. Мұңға толы «Үш қара» әні. Қай түрмеде отырып жазғанын кім білсін. Мәдидің Семейдегі абақтының табалдырығын аттағаны тарихи шындық. Жалпы Семей шаһарының дәл ортасына орналасқан көне көз түрме ғимараты үш ғасыр бойы бір тәулікте бос болып көрген жоқ…Бұл бір сұсты, құпияға толы, қанды, қасіретті, мұңлы, зарлы, жоғарыда Мәди айтқандай, жақсыға да, жаманға да, ақынға да, азғынға да, кінәсізге де, күнәліге де бірдей суық, адам баласын алаламайтын, тапқырлыққа шебер адам баласы ойлап тапқан жан түршігерлік, күнгейінен көлеңкесі басым қорқынышты қуыс.

Тағдыр солай болса амал бар ма. Осы түрмеде мен аттай 14 жыл 7 ай қызмет еттім. 11 жылдай басшылық жасадым. Қадірменді оқырман! Сіз түсініңіз, менің мақсатым өзімді дәріптеу емес. Түрмені «мемлекет ішіндегі мемлекет» дейді. Сол мемлекетке басшы бола отырып, оның ыстығына күйдім, суығына тоңдым. Оның ішкі жан-дүниесіне қанықпын. Тас қапас қамалдың ішіндегі жұмыр бас адам тағдырына мен 15 жылдай үңілдім. Еркін жүріп қиындық көру бар, оған төзу бар. Ал бас бостандығынан айырылып қасірет шегу бар болса, оған төзудің шегі бар ма?

Абақтыны ойлап тапқан адам баласы болса, абақтыға түсетіндерді кім іріктейді? Ол қандай күш, ол қай құдірет? Тордың ішінде отырғандар ерекше бір ұлт па, әлде ұлыс па? Сергелдеңді серік етіп, еркінсіздікке езілмейтін, жігерін қиындық қайрайтын, жүрегінің түгі бар, кешегі қуғын-сүргінде тізе бүкпеген алаштың алтын ұлдарының атын күбірлеп күнде айтатынмын. Ай, сұм түрме олардың да жанын қинады-ау!

Адам шыр етіп дүние есігін ашқанда, оның маңдайына тағдыр не жазады? Түрмеге түсуде жазыла ма? Жоқ әлде…

Мына бір тағдырды сіз қалай түсінесіз? Қызметтен келіп, күндегі әдетім бойынша теледидардан жаңалықтар топтамасын көріп отырып, Ұлыбритания ханшайымы Диананың автомобиль апатынан қайғылы қазаға ұшырағанын есітіп, мың-сан ойға кетіп отыр едіп, Дәліздегі телефон ышқына шырылдап, безектей жөнелді. «Безектеуің жаман, қандай хабар әкелдің?» деп телефонға қолымды создым.

«Аға, – деді кезекші (қол астымдағылардың басым көпшілігі мені осылай атайтын) – елуінші камерадағы сотталмаған Лактионова босанып қалды. «Жедел жәрдем» шақырттым. Мекеме дәрігерлері осында. Сізге Адайды (жүргізушім) жібердім. Қандай бұйрық болады?

– Ұл ма, қыз ба?

– Қыз.

– Онда Жұмаханова Бағиланы жұмысқа алдыртыңдар-деп,

трубканы қойып, терезеге қарасам, Адай келіп тұр екен.

Бағила мекемедегі қызметкерлердің ең тәжірибелісі болатын. Жеке құрамдағы орысы бар, қазағы бар, бәрі дерлік Бағила апай дейтін. Тіпті өзінен жас мекеме бастығының орынбасарлары да апай деп сызылып тұратын.          «Түрмеге мың құбылып қыз кезімде келіп едім, енді түрім өзгеріп, апа болып отставкаға шығамын» деп күлетін. Бағила қазақтың барлық әдет-ғұрпын біліп, біліп қана қоймай ұршықтай иіріп игерген, «суымен кіріп, күлімен» шығатын қазақ келіндерінің асыл қасиеттерін бойына сіңірген, орта бойлы, сөзге шебер, түрмеде отырғандардың тілін табатын, әріптестерін құрдай жорғалататын, сауыт киген батырға садақ асынған жар болуға лайық еді.

Түн ортасында кабинетте екеуміз ғана. «Ал, Бағила, бар өнеріңді сал. Мына байғұс, жаңа босанған орыс әйелінен ақыл-кеңесіңді аяма. Көрсет, үйрет. Бірінші рет босаныпты. Омырауынан емізудің не екенін білмейді. Өмірге келгеніне бір сағат болған нәрестеде не кінә бар. Сен оған кіндік шеше бол. Аяла, аймала. Жаңа туған балаға кіндік шешенің міне-құлқы жұғады дейді. Олай болса өскен кезде жаман болмас. Жас нәресте қырқынан шыққанша аянба»-дедім. Сол түні қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығымен телефон арқылы сөйлесіп, таңертең перзентхананың дәрігерлерін жіберіп, босанған әйелдің, нәрестенің денсаулығын тексеруді сұрадым. Таңертең келген дәрігерлер олардың денсаулығына ешбір қауіп жоқ екенін айтты. Ертеңіне күн сәулесі көбірек түсетін камераны қас пен көздің арасында күрделі жөндеуден өткізіп, шеберханада кәдімгі, өзім сызған жобамен ағаш бесік жасаттым. Қызына анасы Диана деп ат қойды. Бір тәуліктің ішінде Дианаға қажет керек-жарақтың бәрі бір төбе болып жиналды. Әсіресе, жаялыққа қарық болды. Ол ешнәрседен тапшылық көрген жоқ. Анасының бесікке асылып емізіп, әлдилеп тербетіп отырғанына талай куә болдым. Қырқынан шығуына бір апта қалғанда Ресейдің Кемеров облысы Прокопьевск қаласынан Диананың әжесін алдыртып, немересін қолына аман-есен тапсырдық.

Кабинетте төртеуіміз отырмыз: мен, Бағила, Лактионова және оның анасы. Алғысында шек жоқ. Бүкіл қазақ халқына рахметін шын жүрегімен айтып жатыр. «Қайыр қылсаң бүтін қыл» дегендей өз қаражатымызға билетін алып, Диананың барлық мүлкін қоржынға салып, алмаймын дегеніне көнбей, әжесіне біраз ақша бердік. Кабинеттен шығып барады, егіліп жылап барады. Бағиланың поезға шығарып салып келіп, кабинетке кіріп көзі жасурап: «бауырымнан ажыратып өз баламды бергендей болдым ғой, тәйірі» дегені әлі есімде.

Бұл- адам тағдыры. Нәресте кең дүниеге еркіндік жоқ кеңістікте келді. Тар қапаста ана сүтін емді. Нәзік денесіне түрменің иісі сіңді, ауасын жұтты. Еркіндікке кетті. Ана қалды абақтыда. Анасын зар еңіретіп, әжесін егілтіп, жылы көрпеге құндақталып, еш нәрседен хабары жоқ, тәтті ұйқының құшағында Диана шекара асып кетіп барады. Оның болашағы қандай болмақ. Аман болсын, әйтеуір.

Осы оқиға бір Диананың опат болып, бір Диананың дүниеге келген тамыздың сол бір күні жыл сайын есіме міндетті түрде түсіп отырады.

Ішінде абақтының біз жатамыз,

Көңілді құмалақпен жұбатамыз.

Алыстан іздеп келген ағайынға,

Алақандай тесіктен тіл қатамыз.

Бұл тағы да Мәди. Осы бір шумақ өлеңнің ішінде қасірет жатыр. Адам жан-дүниесінің трагедиясы. Тар қапаста отырып, алақандай тесікке телміре қарап, сағынып-сарғайып келген, төрінен көрі жақын әке-шешемен, арып-ашыған аяғы ауыр жұбайымен, не күлерін не жыларын білмей, көзі жәудіреп тұрған баласын көріп тұрып, оларды мейірлене аймалай алмаса, еркін де тайсалмай тілдесе алмаса- бұл кімге де болса азап. Ұшы-қиыры жоқ кең дүниеде алшаңдап басып жүрген адам баласын қандай күш әкеледі абақтыға? Бәлкім, жаратқан солай жазып қойды ма? Қандай шайтан түрткілейді екен? Әлде өмірдің көлеңке жағын өзі таңдады ма? Әйтеуір, көзге көрінбейтін бір күш жетекеп әкеліп, аты да заты да суық, тірілердің тозағы-түрмеге әкеліп кіргізеді. «Абақты азап орны, жайнаған шоқ» – деген атақты Балуан Шолақ. Азап дедік түрмені. Ал азап болса, адам баласы ат-тонын алып неге қашпайды одан? Түрмеге бір түскен соң «енді құдай бетін аулақ қылсын деп» неге сонымен шектелмейді? Неге келе береді? 7-8 рет сотталғандарды өз көзіммен көрдім. Олармен талай тілдестім. Сырын да шынын да жасырмай айтқандары аз болған жоқ… Олардың арасында абақты «өз үйім өлең төсегім» дегендер де кездесті. Ал, түсініп көр оларды. Солардың жан-дүниесіне  үңілген сайын мені мазалаған адами сұрақтардың жауабы адам санасының  қиялы да жетпейтін «сары сандығында» жатқанына көзім жетті. Қамшының сабындай қысқа өмірде қаншама жұмбақ, қаншама құпия, тар жол тайғақ кешу, күйзеліс, арпалыс сиып жатыр десеңізші! О, адам баласы, неткен жұмбақ, неткен төзімді едің!

… Қарсы алдымда орта бойлы, шымыр денелі, сымбатты тәжік жігіті отыр. Орысшаға өте жетік, өзбекше де еркін сөйлей алады. Асықпай өмірбаянын айтып отыр. Өзін еркін сезінсін деп алдына шығысқа тән дастархан мәзірін жасап, «өзбектің өрік-мейізін» араластырып, шай алдырттым. Жазасын өтеп Иркутскінің бір колониясынан шартты түрде ерте босап, Тәжікстанға кетіп бара жатқан жарты жолда түрмеге тағы түседі… Екі рет сотталған. 70-тен асқан әке-шешесі, үш қызы бар, алды бой жеткен. Өзі 15 жылдай Ресейге барып-келіп, мерзімді жұмыс жасап, бала-шағасын асырап жүрген. Сөзіне қарағанда қолынан талай кәсіп келеді. «Құдай осы мені түрмеге байлап қойды ма? Білмеймін. Елдегі ата-анадан, туған туыстан ұят болды. Енді міне үшінші рет түстім. Сонау Иркутскіден бері ешнәрсеге ұрынбай-ақ келе жатыр едім. Белағаш стансасына жақындап қалғанда, жуынып-шайынып өз купеме келе жатқанда, жолсеріктің бөлмесінен ішіп алған екі орыстың жігіті шықты да, ойламаған жерден ауыр сөздермен мені балағаттай бастады. Сөздері сүйегімнен өтіп кетті. Үндемей қоя салуға болар еді. Қыр соңымнан қалмай, құлағымның түбінен әбден титығыма тиді. Намыс жібермеді. Ерегістің соңы төбелеске ұласты. Есемді жібермеуге тырыстым. Осалдық көрсетсем таптап кетпекші. Қызып кетсем керек, қолдарымды аямай сілтедім-ау деймін. Біреуіне соққым оңдырмай тиді. Ой, Алла, купелерінен бір адам басын шығарған жоқ. Бір-екі терезе сынды. Сөздің қысқасы, поезд Семейге келіп тоқтағанда, қолыма кісен кигізілді. Осы түрмеге келгеніме үш күн болды. Үйге жетпей тағы сотталатын болдым. Елдегі туыстарыма әкеле жатқан екі сөмке базарлығым бар еді, өзімнің киім-кешегімнің қайда қалғанын, кімнің алғанын білмеймін. Соларды жиып алуға мұрша бермей, поездан түсіріп алды. Тап-тақыр жұрдай болды деген осы. Сізден өтінерім-маған қағаз-қалам бергізіңіз, туыстарыма хат жазайын. Көп жатып қалмасын, хатты елге арнаулы тапсырыспен (заказное) жіберуіңізді сұраймын». Өтінішін орындадым. Иркутскіден, Саратовтан жеке басының ісін (личное дело) алдырттым. Маған айтқандары мен жазылғандардың арасынада ешқандай алшақтық жоқ. Бәрі дұрыс. Түзеу колониясында 2 рет өмірінің алты жылын өткізген. Менің таң қалғаным, осы мерзім ішінде  жазасын өтеп жүріп, тек қана ағыс пен марапат қана алып жүрген. Құжаттарының арнаулы бетінде бірде-бір сөгіс немесе ескерту жоқ. Бұл еңбекпен түзеу мекемелерінде сирек кездесетін құбылыс. Бірінші рет Саратовта жүріп қандасына араша түсемін деп төбелесіп, 2 жылға сотталады. Екінші рет Иркутскіде бір жуан мойын, шұбар балақтың үйін салып, маңдай терімен тапқан еңбек ақысын ала алмай біраз сандалады. Сөзін сөйлеп, жақтайтын ешкімі жоқ. «Жаңа орыс» түрлі желеулермен жалақысын бермей жүріп алады. Еңбек ақысын ала алмайтынына көзі әбден жеткен соң «берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан деп» тал түсте барып, берешегін екі есе етіп тартып алады. Тағы сотталады. Соңғы жағдайды сіздер білесіздер.

Тәжік жігіті менің қабылдауымда тағы отыр. Хатқа жауап келіпті.

– Оқып шығыңыз.

– Мен тәжікше оқи алмаймын ғой.

– Орысша жазылған. Үлкен қызым орысша оқиды. Аманшылық болса биыл мектепті бітіреді.

–  Хатты оқығаным ыңғайсыз болып жүрмей ме?

– Ішінде құпия ештеме жоқ.

Тоғыз бет хат. Әріптері күріштей тізіліп, әп-әдемі болып жазылыпты. Маған тағы таң қалуға тура келді. Хатта өкініште, өкпеде жоқ… Ауыл-аймақтағы жаңалықтар. Ағайын-туыс арасындағы өзгерістер. Болған және болатын той-томалақтарда жазылған. Қызы хаттың тоқ етерін былай келтіреді. «Жаратқан біздің әулетке күтуді жазған шығар. Амал бар ма? Қайда жүрсеңізде аман болыңыз. Жырақта жалғыз жүрсеңізде сіздің арқаңызда ешкімнен кем болған жоқпыз. Тапқан таянғаныңыздың бәрін бізге жіберіп отырдыңыз. Ішерге тамақтан, киюге киімнен тапшылық көрген жоқпыз. Сіздің хатты оқығанда атам мен әжемнің көз жастары көл болып, шөгіп қалама деп қорқып едік. Олар берік екен. Сыр берген жоқ… Атам «бәрі Алланың әмірі» деді де қойды. Оларға қарап біздің қайғырғанымыз артық болар дедік. Аман болыңыз. Хабар-ошарсыз кетпеңіз. Біздің шаңырақта да бір тойдың болатынына біз сенеміз. Сізден хат келген күні мамам екеулеріңіздің үйленген жылы түскен суреттеріңізге қарап көзі сәл жасаураған болатын. Түнде оянып кетсем біздің аяқ жағымызда сіз келген сайын киетін жібекпен өрнектелген тақияңызды бетіне басып жылап отыр екен».

Үн-түнсіз хатты қайтарып бердім. Тәжік жігіті хаттың соңғы бетін ашып, алақанымен бір сипап алды да, дыбысын шығармай егілді-ай дейсіз. Бет әжімдерімен  көз жасы таңғы шықтай сырғып хат бетіне тамып жатты. Бұл көрініс мені де бей-жай қалдырмады. Әзер шыдап отырдым…

Еркіндікке, бостандыққа не жетсін, шіркін! Оның қадірін жан түршігерлік түрменің тар камерасындағы темір төсекке таңылғанда ғана сезетіндер бар. Бірақ оның бетін аулақ қылсын, сөз орайы келгенде айтпасқа шара бар ма. Үлде мен бүлдеге орап, астына мамық көрпе, басына жұмсақ құс жастық қойып, алдына алтын табаққа ас құйып, қолына күміс қасық берсеңде абақтағылар бостандықты аңсайды. Мойнында бір емес бірнеше адамның қаны болсада, кеңірдегіне дейін кешірілмес күнәға батсада . Еркіндіктегі қара нан мен қара суға жетпейді. Мың жерден бекет ашып, жүз жерден күзет қойсаңда, тормен орап тастасаңда иненің көзіндей тесік болса болды. Амалын табады, қашады. Алысқа бармайтынын, қолға қайта түсетінін біліп тұрсада.

…Кезекшінің «қылмыскер қашты!!!» деген баянаты құлағыма біздей қадалды. Кабинеттен оқтай атылып далаға шықсам, болар іс болып қалыпты. Бір топ қызметкерлерді жедел түрде із кесуге жібердім. Олар төрт есіктен далаға шығамын дегенше уақыт едәуір өтіп кетті. Селектордың екі түймесін батыра бірдей басып  тұрып қару асынып бекетте тұрған Саяхат Төлебаев пен Владимир Фрунзеден «неге атпадыңдар?» деп сұрадым.

– Серік атқызбады.

– Қай Серік?

– Мұхамеджанов!

Трубканы қойып жатып «онда Серік министрдің бұйрығынан күшті болғаны ғой» дедімде көргенімді, естігенімді жоғарғы жаққа баяндауға кабинетке көтерілдім. Әрине, барлығының шүйліккені ішкі қызмет капитаны Мұхамеджанов Серік болды. Түтіп жеп қоймақшы. Осы тосын да төтенше жағдайдың егжей-тегжейін тексеру үшін Астанадан ішкі қызмет полковнигі Асқар Мұхтаров келді. Тәңір тілеуін бергір, елдің берекесін алмай, әңгір таяқ ойнатпай-ақ жағдайдың мән-жайын тексерді. Бастықтарға тексерудің қорытындысын өзі баяндады. «Ал, Әлеке, бір сыннан өттік. Ендігі басты міндет-қашқынды ұстау. Үш тәуліктің ішінде  құрыққа түсірсек, жерге қарамаймыз. Іздеу шараларының іске асуын қатаң қадағалаңыз, тікелей өзіңіз басшылық жасаңыз»-деді.

С.Мұхамеджановтың іс-қимылы дұрыс деп шешілді. Екі автоматтан бір мезетте бораған ақылсыз оқтан бір емес бірнеше адам мерт болары хақ еді. Әсірісе, В.Фрунзенің оғы қашқынды ғана емес, түрлі шарушылық жұмыстарын атқарып жатқан үш-төрт адамды орып кетері даусыз еді. Соны дер кезінде түсініп, бағалай білген Серік қашқынмен бірге ілесе биіктігі бес құлаш қорғанға өрмекшідей өрмелеп оның тобығынан ұстағанда, аяғы тайып кетіп, уысынан шығарып алған.

В. Фрунземен сөйлесіп отырмыз. «Мен автоматымның ұңғысына лезде оқ жіберіп (ол құралайды көзден ататын мерген болатын), қаруымды оң иығыма тіреп, қашқында нысанаға алып, көздеп тұрып шүріппені басуға ыңғайланғанда назарым Серікке түсіп кетті.  Екі қолын аспанға созып «Володя, құдай үшін атпа» деп жан ұшыра айқайлап жүгіріп келе жатты. Ол маған жалбарынғандай болып көрінді. Серіктің осы түрін көргенде, автоматты аспанға ату да есімнен шығып кетіпті. Адам атты деп атағымды шығармай-ақ қояйын деп тұрған жерімде сылқ етіп отыра кеттім».

70 сағаттан кейін  оперативтік бөлімнің бастығы, аға лейтанант Көнекбаев Тлеуберген(бұл күндері Тлеуберген Қостанай облыстық қылмыстық-атқару департаментін басқарады, полковник) бастаған із кесуші бір топ қызметкер қаперсіз жатқан жерінен қашқынды тырп еткізбей ұстап, қолына кісен салып дедектетіп, желкелеп алып келді. Бір қылмысы екеу болып, жылына жыл қосылып, бармағын шайнаған қылмыскердің тағдыры маған беймәлім. В. Фрунзеге араша түсе алмағаныма осы күнге дейін өкінемін.

…Кейде қала шырт ұйқыда жатқанда, түнде кезекшілікті тексере келгенде үш ғасырды басынан өткізіп жатқан түрменің ескі ғимараты ентігіп, екі иығынан демалғандай болып, немесе күйзелістен ауыр күрсінгендей болатын еді. Бұл темір тордың аржағында, тағдырлар тоғысқан иірімде басқа көріністің болуы екі талай.

Әли-Хан  Омарбеков, отставкадағы полковник.

ӨШ (Түрме хикаяттары-5)

БҰҒАУ САЛЫНҒАН БҰЙРЫҚ (Түрме хикаяттары-4)

ҚАШҚЫНДАР (түрме хикаяаттары-3)

ГЕНЕРАЛДЫҢ ҚЫСҚА БАТАСЫ (түрме хикаяаттары-2)

ТОСЫН ТАПСЫРМА (түрме хикаяттары-1)

0

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

7 + = 11

Кіру

Кілтсөздерді қотару