Дүйсенбі, Шілде 17, 2017
Негізгі > Бейнежазба > “Құдай берген” әншінің айдаһар елін таңқалдырған әні

“Құдай берген” әншінің айдаһар елін таңқалдырған әні

Димаш Құдайбергенов бұл әнімен қытай жұртшылығын таңдандырды. Ол Қытайда болып жатқан “Ge shou” (әнші) жобасында  француздың “S.O.S D‘un teerien en detresse” әнін орындап, жобадағы кәсіби мамандардың жоғары пікіріне ие болды. 

Әнші Димаш

“Жалпы жобаға «халықаралық» ат беріп тұрған бір ғана Димаш болса керек. Себебі, жобаға Қытай Гонконгынан Ду Лиша атты қатысушы мен Димаштан өзгесі түгел қытайлық өнерпаздар. Димаш қытайлармен алғашқы жүздесуінде француздың «S.O.S D‘un teerien en detresse» атты әнін талдаған. Бұл ән француздың орындауға аса қиын бес әнінің бірі екенін де айтыпты.  Димаш алғашқы айналымда-ақ әнді сәтті орындап, кәсіби мамандардың таңдайын қақтырған. Оның алғашқы түсірілім үшін талдаған әнінен-ақ, оның өзіне деген сенімі анық көрінеді деген пікірлерді де кездестірдік. Жобадағы Сон Қы және Шан Қы қатарлы кәсіби мамандар Димашты жобаға қатысқандар арасындағы теңдессіз әнші деп бағалаған. Олардың айтуынша, Димаш бұл реткі ән орындау барысында колоратуралық, еркін вокалды, кең тынысты өз әуезімен қатар dolphins дыбыстарын жақсы меңгергендігін анық байқатқан. Тіпті, жоба мамандары мен қатысушыларынан «Тәңір өзі назарына алған жас әнші, ондай дауыс менде де болса деп армандаудың қажеті жоқ, ол оған Құдайдың берген сыйы» деген марапаттау сөздеріне де ие болып үлгеріпті”-деп жазады “The Qazaq Times” “Xin Lang” ақпаратына сілтеме жасап.

 

Д.Құдайбергенов “Әнші” тележобадағы алғашқы қадамы

The Qazaq Times

0

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

52 − 47 =

Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару