Сейсенбі, Қаңтар 30, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > «Ұлтының ұлы перзенті» атты әдеби кеш өткізілді

«Ұлтының ұлы перзенті» атты әдеби кеш өткізілді

Семейдегі орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №22 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен жазушы, педагог, ғалым Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналған «Ұлтының ұлы перзенті» атты әдеби кеш  өткізілді.

Шара барысында кітапханашы қатысушыларды Мұхтар Әуезовтің өмірі және шығармашылығымен  таныстырды.  Жазушының ұрпақ жадында өзінің сан қырлылығы және бірегейлігімен мәңгі сақталатынын, оның шығармалары қазақ әдебиеті мен мәдениетінің биік шыңы болып саналатынын атап өтті. Сондай-ақ оның шығармашылық мұрасын қамтитын көптеген очерктері, публицистикалық мақалалары, ғылыми зерттеулері туралы әнгімелеп берді. Ол «Қарагөз», «Айман-Шолпан» сияқты 20-дан аса пьесалардың авторы. Жазушы Гогольдың «Ревизоры», Шекспирдің «Отеллосы» т.б. көптеген туындыларды қазақ тіліне аударды. Абай және өзге қазақстандық классиктердің шығармашылығы туралы жазған еңбектері әдебиетке қосқан елеулі үлесі болып табылатынын жеткізді.

Кештің келесі бөлімінде кемеңгер жазушыға арналған қазақ ақындарының өлеңдері, шетел жазушыларының пікірлері оқылды. №22 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары А.Абдильдаева «Мұхтармен мұңдасқанда», А. Букенов «Мұхтар аға», А. Алпысбаева  «Мұқаңа» атты өлеңдерін жатқа оқыды. Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнін оқушылар үш тілде орындады.

Шараның жалғасында қатысушылар «Естеліктер сыр шертеді» атты слайд-тұсаукесері арқылы  М.Әуезовтің мұражайымен танысты. Соңында «Халқымыздың мақтаны – ұлы Мұхтар» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation