Негізгі > жол

Семейдің аэропортын жөндейтіндер жолды бүлдіріп бітті

Бірнеше айдан бері Семей аэропортының ұшып-қону алаңын кеңейту әрі қайта жөндеуден өткізу бағытында жұмыстар қызу жалғасып жатыр. Жоспар бойынша аэродром алаңы 2,7 шақырымнан 3,3 шақырымға ұлғайып, коммуникациялық желілері ауыстырылып, апаттан құтқару стансасы жаңартылмақ. Бұл әрине жақсы. Бірақ, осы жұмысты ұйымдастырып отырғандар немесе жергілікті атқарушы билік ескермеген бір жай бар. Ол мәселе

Толық оқу...

Жолақы тағы қымбаттайды

Тариф көтерілмей, тәртіп болмайды. Алматыдағы қоғамдық көлік иелері жол ақысы көтерілмей, оң өзгеріс болмайтынын ашық айтты. Соңғы уақытта автобустар жиі апатқа ұшырап, зардап шеккендер саны да көбейген. Жұрт мұны өз міндетіне салғырт қарайтын автопарктер мен жолды жарыс алаңына айналдырған жүргізушілерден көреді. Техникалық жағдайын айтпағанда, қоғамдық көліктерде тазалық та атымен жоқ.  Қоғамдық

Толық оқу...

Улы сұйықтық Ертіс, Үлбі өзенін де ластауы мүмкін

Өскеменде төгіліп жатқан техникалық май экологияға қауіп төндіруі мүмкін. Улы сұйықтық 50 шаршы метрге жайылған. Оның өзі 1 жарым метр тереңдікке сіңіп үлгерген. Мамандар сұйықтықтың жерасты суына араласып кете ме деп алаңдаулы. Бүгінде өңір экологтары аумақты зарарсыздандыру жұмыстарына кірісіп кеткен. Облыстық экологиялық департаментінің мамандары химиялық сұйықтық жол жөндейтін мердігер мекеменің

Толық оқу...

Спортшыдан коммуналшы жасағанымыз қалай?

Кейінгі кезде семейлік атқарушы билік тарапынан журналистер тобына ақыл айту жиілеп кетті. Бір емес, бірнеше рет қайталанғаны көңілге келгендіктен өз ойымызды ортаға салмақшымыз. Мысалы, Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Ю.Пазына тілшілерге: «Сендер қала туралы ақпараттарыңызда тырнақ астына кір іздемей, жергілікті басшылықтың жүргізіп жатқан жұмыстарын жақсылап қамтып,

Толық оқу...

Атырау облысында 333 шақырым жол салынады

Биыл Атырау облысында 300-ден астам шақырым жол жөнделеді. Оның 250 шақырымы облыстық, аудан және қалалық маңыздағы жолдар. Бұған республикалық және облыстық бюджеттен шамамен 31,5 млрд теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Атырауда өткен облыстық қоғамдық кеңестің жиынында айтылды. Жалпы аймақтағы 2 мың шақырым жолдың 49 пайызы ғана жүруге жарамды болса,

Толық оқу...

Көшедегі көлге, жаяу қалған елге кім кінәлі? (ФОТО)

Қала көшелерінің көктем кезінде көлге айналуы жылдағы әдет делік. Олай болса, оның алдын алу шараларына шалағай қарау да жауапты мекемелердің жылдағы әдеті болып шықпақ. Егер шыныменде жылдағы әдет деп бекітсек, біздің қалада ешқандай даму болмағаны ғой. Биыл, тіпті, жылдағыданда кері кеткендейміз. Көктемгі оқиғалардың алдын алғысы келеген басшылық

Толық оқу...

СЕМЕЙДІҢ ЖОЛЫ – КӨЛІКТІҢ СОРЫ!

Қаладағы осы бір жол тазалығының жағдайын халық та, биілік те жақсы біледі. Бірақ, оның шешімін табуға ешкім ынталы емес пе деген ойға қаласың... Қараша айында жауған қардан пайда болған жолдардың сапасыздығы әлі сол күйінде. Таксиге отырсаң да, қоғамдық көлікке мінсең де көлік жүргізушілердің күңкілдеп отырғанын байқайсың. Жай ғана «күңкілдемейді» олар,

Толық оқу...