Негізгі > өлең

Әдебиет. Әлеумет. Әділбек.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде әдебиет туралы сөз айту – айдалаға оқ атумен бірдей секілді. Десе де, солай екен деп «өткінші өркениеттің» жұмырына жұтыла бермей, өзіндік өлшемін, ұлттық үнін ортаға салып келе жатқан санаулы тұлғаларымыз бар. Соның бірі де бірегейі – Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, қабырғалы жазушы, көрнекті ақын Әділбек

Толық оқу...

Сен қайдасың, қошы ерен Шөп Баласы?!

  Аспан жақтың үлегі ме, Мамық бұлттар мамырлап... Сапар шектім жыр еліне, Басым мұңнан ауырлап. Қазына бар қанжығамда, Қаракөз қыз теңдеген. Жап-жас күйде алжығам ба?!, "Ажал жоқ!" деп сенбек ем. Күннің мынау қас-қабағы... Жетелейді жол қайда?! Былай шырқар Аспан әні: "Жерұйық жоқ" шалғайда!". О, Сұржекей, нәзік құрбым, Өлеңнен кім бақ тапты?! Жерұйыққа кезіктіргін, Мына мендей ақымақты! Қапаланған көңіл құсап, Қап-қараңғы мылқау - мен. Қамшым қалды тобылғы сап, Қайтып келем сылтаумен. Бұла

Толық оқу...

«Арыстар – елдің ардағы» атты жыр мүшәйрасы жарияланды

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің «Бәйшешек» әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен Алаш Орданың 100 жылдығына орай «Арыстар – елдің ардағы» атты жыр мүшәйрасы жарияланды. Мүшәйраның мақсаты: Алаш арыстарын ардақтау,оларды жастардың арасында кеңінен дәріптеу. Жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу және де өнер иелерін,олардың ішінде,өлең иелерінің өрісін кеңейтуге ықпал жасау. Мүшәйраның шарты: 1. Алашорда үкіметі туралы патриоттық

Толық оқу...

Оқушылар «Абай» журналының бас редакторымен кездесті

Семей қаласындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №17 мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен Мұратбек Оспановтың 55 жылдығына орай «Ақын - елдің ардағы» атты кездесу кеші өткізілді. Шара басында кітапханашы М.Оспановтың шығармашылығымен таныстыра отырып, оның журналист, ақын, жазушы, Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Республикалық «Абай» журналының бас редакторы, бірнеше республикалық мүшәйраларының жүлдегері, ҚР-ның

Толық оқу...

Мүшəйра – өлі өлеңдер бəйгесі

Қазір не көп, мүшәйра көп. Мүшәйрашыл ақын да көп. Атасына ас берсе де мүшәйра жариялайтын болды. Тіпті газет-журналдың таралымын арттырудың да амалына айналды. Қаптаған мүшәйраларға қарап, өлеңді аяйсың... Бірақ ақынға да жан бағып, мал табу керек қой. Өлеңін бәйгеге салмағанда қайтсін... Әйтсе де мүшәйраға еті үйреніп, сол үшін ғана өлең

Толық оқу...

Хамит Ерғалиев: Адамның арын төккен – қайыршы күн…

Құрманғазы (Абақтының алдында) Темір тор, биік қамал, қара құлып, Қояр ма үлкен жанын жара қылып?! Әне жүр надзиратель сап-сарала, Иыққа суық қару-жарақ іліп. Дегендей: «сор-азаптың, өлімдердің Ғаламат неше түрлі зорын көрдім», Алыстан үрей шашып түксиеді Шетінде қара сұр үй Орынбордың. Таң атса ағылады ел осыған - Әркімде бір түйіншек бересі нан. Қол бұлғап тұтқындарға мен де бейне Қақпадан қатын, шалға ере шығам. Шығарда

Толық оқу...

Әлихан Бөкейханұлына

Алаш үшін атқа қонған арысым, Қара қазан, қара бала қамы үшін. Елің үшін жаратылған ұл едің, Найзағайдай жарқылдаған намысың. Қасқыр мінез арыстан жал текті едің, Аңсап өткен азаттықтың көктемін. Алынбаған қамалдарың көп сенің, Қазақ үшін белгілі тер төккенің. Арысым-ай арлан едің рас сен, Таң бозында жортатұғын қыратпен. Қазақтықтың, азаттықтың жолында, Құрбан болып кеткенің-ай тым әттең. Қарар болсақ тарихқа мән беріп, Атамыздан арда туған

Толық оқу...

Сағындым, апа құртыңды!

  Ақ шылауыш, кимешек Аңсадым,апа,қайдасың? Құлының бүгін есейді. Кеттің бе ұшып айға шын? Еске алам күнді кешегі. Құшағың кең мекенім, Жылуына бас ұрғам. Алыстамадың екі елі, Апатай-ау қасымнан. Құс ұшырмай басымнан, Жылы,жұмсақ төсеген. Ержеттім сенің қасыңда, Алыстау әке-шешеден. Көсегемді көгертер, Тілекке толы баталы үн, Болғанға шіркін,не жетер! Баласы апа, атаның! Талайлар тізе бүгетін, Қаһарман ең мен үшін. Алмайтынмын күзетіп, Сен барда қолда жеңісім. Жаятын құрт өреге, Тоятын біздер қайда күн! Ойлағанмен келе ме? Дәмі кетпес

Толық оқу...

Жұртыма қызмет етсем дейтін «Жыртұма»

Биыл «Алаш» партиясының құрылғанына – 100 жыл. Осынау мерейтой аясында Баянауыл аудандық кітапханасы жанынан «Жыртұма» поэзия клубы құрылды. Жетекшісі - жас ақын, жалынды ақын Еламан Қабділәшім. Баянауланың құтты құрсағы қаншама даналарды дүниеге әкелді. Бұл игі бастама – кешегі дарынды тұлғалардың жалғасы болып қазақ әдебиетінің ұлы көшіне ілеспекке ниет еткен жастардың

Толық оқу...

Баянауыл басынан жыр тарқамас…

Жас ақын, жалынды ақын Әлия Іңкәрбектің «Тасқын» атты жыр жинағы Баянауыл жұртшылығына таныстырылды. Өлең өлкесіне өзіндік лебімен келіп, өмірі өлеңмен өрілген Әлия XVII Халықаралық Шабыт фестивалінен Әдебиет аталымы бойынша тағайындалған «Ф.Оңғарсынова атындағы» арнайы жүлденің иегері. Жақында ғана Ә.Іңкәрбектің «Тасқын» атты жыр жинағы Қарағанды, Астана қалаларынан кейін Баянауладағы жыр сүйер қауымға

Толық оқу...