Аятжан Ахметжанұлы өз парақшасында мәселені өте орынды көтеріпті, авторды қолдаушылардың қатары да аз емес. Қоғамдық пікірдің, ұлттық пайымның дұрыс қалыптасуына оң әсер ететін осындай орамды ойды неге көпшілік болып қолдамасқа? Олай болса, мәселенің мәнісін оқырман өзі айыра жатар.
редакциядан
1 оқиға:
Әлі есімде студент едік, 2010 жылы болса керек (нақты есімде жоқ) Астана қаласының сол кездегі әкімі Иманғали Нұрғалиұлы қаладағы №54 мектеп-лицейіне барды, Ақселеу аға қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң, мектепке болашақта Ақселеудің марқұмның аты беріледі, заң бойынша тұлғаның атын қайтыс болғаннан кейін, тек бес жылдан соң ғана мемлекеттік нысанға, көшеге т.б ға беруге болады, – деді, кәдімгідей қуанып қалдым. Ақселеу марқұмның Астана қаласының көше аттарын қазақ тарихына байланыстыруға қосқан еңбегінің өзі ғана бір мектепке атын беруге лайық, бұдан тыс ұшан еңбегі ше?
Әттең, одан бері алты жыл аунады, қайтыс болғалы биыл 7 жылдан асып кетті, бірақ сол №54 мектеп-лицейі әлі бейресми ғана Ақселеу ағаның атында, ал құжат жүзінде әлі орындалған жоқ.
2 оқиға:
Бұл нақты есімде, 2012 жылы 4 наурыз күні еді, Астана қаласы №66 мектеп-лицейінде Алаш партиясының 95 жылдығына орай іс-шара өтті, іс-шараның өтуіне Берік Уәли аға бастаған Нұротандықтар себепкер болды. Сол іс шарада Әлихан Бөкейхан туралы деректі филим көрсетілді. Іс шарада Тұрсын Жұртбай аға, Erlan Karin аға, тағы біраз атқа мінер ағалар бар. Сол іс-шарада Айнұр атты 10 сынып оқушысы шәкіртім ағалар осы мектепті Әлихан атаның атына берейікші, сіздер осыған мұрындық болыңыздаршы, – деді, әрине ағалардың тілеуі де осы еді… Қуана қолдады. Әрине, бір түйір өтірік қоссам досым Serik Joldasbai куә. Ол кезде мен сол мектептің химия пәні мұғалімі едім, Әлихан Бөкейханов атындағы мектепте істеймін деп біраз уақыт мақтанып жүрдім))…
Одан бері бес жылға жуықтады… Биыл Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойын әлем тойлады, бірақ, сол мектеп те, Астанадағы басқа мектепте Алаш көсемінің атына бұйырмады… Келесі жылы Алаш партиясының 100 жылдығы, бәлкім бұйырып қалар… кім білсін…
Бәрінен де сол Айнұр деген қыз анда санда жолыға қалса сұрайды, мен амалсыз бетімді басамын…
3 оқиға.
Кеше ғана Алматы қаласы №157 мектептің мәжіліс залына Төреғали Төрәлінің аты берілді, – деді, артынан ақпарат ресми түрде расталды. Әлі есімде Төреғалиді тұңғыш рет 2009 жылы көктемде Талдықорғанда айтыста бірге болғанбыз, сол жерге Қайнар Алакөз ертіп барған, жаңылмасам 9 сынып оқушысы, сахнаға жаңа шығып жүрген кезі еді, одан бері он жыл болған жоқ, яғний Төреғали сахнада өнер көрсеткелі он жылда толмады… Ал кеше…
Атын беруге ел ауызындағы екі уәж, шын өтірігін білмеймін, бірі мажіліс залын Төреғали жасақтап беріпті, иә, жасақтап берсін, мектепке көмектессе не бопты, бірақ көмектесті екен деп атын бере берсе мемлекеттік мекемеде не құн қалады, егер жасақтап берсе атын беретін болса жоғарыда атын атаған ағалар Алаш қайраткерлері атынан әлде неше мектептің мәжіліс залын жасақтап беруге шамасы жетеді, ниетті де… Тек Алаштықтардың атын берсе болды, тіпті Serik Joldasbai екеуміз ақ бір Алаштықтың атынан жасқтап берейік, атын берсін…
екінші уәж, мектеп басшылығы Төреғалиды қатты жақсы көреді-мыс…)))) Тіпті күллі қазақтың бүгіні үшін тер төккен тұлғалардан да қатты ма? Тәрбие береді деген мектептің директоры ессіз эстраданың фанаты ма?
Мен басқадан емес тек сол мектепте оқитын оқушылардан ұялдым, Төреғали неге ұялмады, сауатсыз директор неге мектеп басқарып отыр, ол кімге үлгі түсінбедім…
Негізі ҰЛЫ ДАЛА БАЛАСЫ деген сөздің өзі ұяттау, басқамыз құры даланың баласымыз ба?
P.S. Біз ұрпаққа не тәрбие береміз? кім бол дейміз? Астымыздағы байлықты әнмен ашып, жерімізді әнші қорғайма? Ертең бұл үрдіс жалғасса… Кешегі Michael Sherimbek айтқандай болары анық… соған келе жатырмыз… Ал, қоғам оқушыларды тек әнші, биші, заңгер болғысы келеді деп кінәлайды….
Енді олар қайтсын, балапан ұяда нені көрсе ұшқанда соны алады… ал, біз балапандарға көрсететініміз осы ғана болып тұр…
Ары қарай сөзім жоқ…
Ал енді патриот ұрпақ тәрбиелейміз деп ұрандағанның бәрі өтірік… Сөз емес іс керек!!!