Сейсенбі, Шілде 25, 2017
Негізгі > Саясат > Назарбаева “қарғаға қарғаның көзін шұқытпақшы” ма?

Назарбаева “қарғаға қарғаның көзін шұқытпақшы” ма?

Сурет ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметінен алынды

Парламент Сенатында Дәриға Назарбаеваның төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы болды деп, хабарлайды  Қазақстан Республикасы Парамент Сенатының баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев негізгі баяндама жасады. Атқарылған істер жайында айта келіп, ол нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау және айқындалған сыбайлас жемқорлық қауіптері жөніндегі ұсыныстарды міндетті түрде орындау институтын қалпына келтіруді ұсынды. Одан басқа, агенттік этикалық тұрғыдағы тәртіпсіздіктердің жекелеген құрамын мемлекеттік қызметтің беделін түсіру әрекеттерінің қатарына жатқызуды ұсынып отыр.

Дәриға Назарбаева сыбайлас жемқорлықпен күрес «елестермен күреске» айналып кетпеуіне назар аударды.

«Адамды жазалау үшін шешім қабылдауда әдепсіздікті қалай өлшеуге болады? Онда адам тағдыры, оның отбасының тағдыры шешіледі. Бұл жерде өте мұқият болу керек», – деді ол.

Сенатор сонымен бірге сыбайлас жемқорлық туралы тәртіп бұзушылықтар туралы хабарлаған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуді ұсынды.

«Оларды қорғауды және лайықты марапаттауды қамтамасыз ету қажет», – деп санайды сенатор.

Сенаторлар Нұртай Әбіқаев, Серік Жақсыбеков, Ляззат Киинов, Рашит Ахметов, Серік Ақылбай, Сәрсенбай Еңсегенов өз ұсыныстары мен ескертпелерін айтты. Депутаттар Парламент жанынан ғылыми-зерттеу институтын құруды, мемлекеттік қызметшілерді таңдау барысына жан-жақты назар аударуды, мемлекеттік қызметшілерге лайықты еңбекақы төлеу мүмкіндігін қарастыруды, қоғамдық кеңестер жұмыстарын жетілдіруді ұсынды.

Дөңгелек үстел соңында комитет төрағасы Дәриға Назарбаева «Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарында барлық маңызды мәселелер қарастырылған болатын. Парламент қажет заңдарды қабылдады, бірақ олар жұмыс істемей отыр, өйткені бюрократия оған назар аудармады», – деді.

0

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

6 + 3 =

Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару