Сейсенбі, Қазан 10, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Жақсылықты аянбай жұртқа бөліп…

Жақсылықты аянбай жұртқа бөліп…

Апат айтып келмейді. Биылғы көктем талай жанды әбігерге салып, талайдың ұнжырғасын түсіргені белгілі. Қаншама елді мекендер су астында қалып, тұрғындар қатынассыз, қалаберді баспанасыз қалды. Бұл көктемде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да қызыл судың кесапатын тәуір-ақ тартты. Осындай жағдайда жығылғанды сүйеуге дайын тұратын азаматтар жетерлік. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара бірлесіп, апат пен қайғылы жағдайдың да алдын алдық.

Павлодар облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиал төрағасы Болат Бақауовтың ұсынысымен, Баянауыл ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясының Баянауыл аудандық филиалдың төрағасы Оразгелді Қайыргелдиновтың қолдауымен және Баянауыл аудандық филиал ұжымының, аудандық мәслихат депутаттарының ұйымдастыруымен биылғы көктемде қызыл судан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Павлодар қаласынан аттанған гуманитарлық колоннаны «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, облыстық мәслихат хатшысы Владимир Берковский Қызылжар қаласына бастап кетті. Қызыл судың құрсауында қалған тұрғындарға гуманитарлық көмек 8 ауыр жүк көліктеріне артылды. Қала және аудан әкімдерінің, мәслихат депутаттарының, депутаттық фракция мүшелері және партияластардың қолдауымен жиналған құрлыс материалдары, азық-түліктер 5-ші мамырда жолға шыққан болатын. Бүгінгі таңда қайырымды жандардың қолдауы мен көмегі діттеген жеріне жетіп, мұқтаж жандардың игілігіне жарады.

 Әлия ЖҰМАТҚЫЗЫ.

0
Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару