16 қазан күні сағат 17.00-де М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Алаш Орданың 100 жылдығына арналған «Алаш туы астында!» атты салтанатты кеш жоғары деңгейде өтті. Алаш Орданың 100 жылдығына арналған бейнефильммен басталған кеш ары қарай Қазақстан өнер шеберлерінің концертімен жалғасты. Концерт Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Салтанатты кеште Еркін Шүкіман, Нұржамал Үсенбаева, Айгүл Үлкенбаева, Ерлан Рысқали, Рамазан Стамғазиев, «Қоңыр» тобы, т.б. өнер майталмандары сахна төрінде ән шырқап, күй төкті.