Бүгін қазақтың танымал күміс көмей әншісі Мақпал Жүнісова 53 жасқа толды. Қазақтың ерке қызы 1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі (1994 ж.), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1999 ж.), түрлі халықаралық конкурстардың лауреаты.
Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері атанған Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста гран-при иеленіп, КСРО-ның ең үздік әйел әншілерінің үздік ондығына кіріп (Роза Рымбаевадан кейін), үлкен танымалдылыққа ие болды.
Мақпал Жүнісова талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Мемлекет қайраткері, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жары бүгінде Мерей есімді қыз тәрбиелеп отыр.