Сенбі, Қазан 21, 2017
Негізгі > Тарих > Хан Тоғасқа ұрпақтары ескерткіш орнатты

Хан Тоғасқа ұрпақтары ескерткіш орнатты

togasЕртең, шілденің 6-жұлдызына, екінші айт күніне орай, батырлар мен ақындардың мекені, киелі Тарбағатай жерінде, Ойшілік ауылында тағы бір тарихи тұлға тұғырына қайта көтерілмек. Яғни, хан Тоғасқа ұрпақтары ескерткіш орнатпақ,-деп хабарлайды zheruiyq.kz тілшісі.

Ел мен жерді қорғауда қаһармандық танытқан тарихи тұлғаның бірі – хан Тоғас батыр. Бүгінгі байтақ даламыздың кезінде жаудың қолында кетпей, ұрпаққа мұра болып қалуына өзіндік үлес қосқан хан Тоғасқа ескерткіш орнап жат­са, әбден жарасымды. Ел мен жердің тұтастығына ерен еңбек сіңірген ерлер есімін дәріптеу кейінгі ұрпақтың ұлттық намысы мен Отан алдындағы жауапкершілігін арттыра түсетіні анық.

Міне, осындай мақсатпен бел буып кіріскен хан Тоғас бабаның ұрпақ-жұрағаттары ұйымшылдық та­нытып, аруақ алдындағы парыздарын өтеп, Ойшілік мекенінде хан Тоғасқа ескерткіш орнатты. Әр істің бас­шысы мен ұйытқысы болады. Осы игілікті шаруаның бас ұйымдастырушысы – кезінде совхоз басшысы, Тарбағатай ауданы әкімінің орын­басары қызметтерін атқарған,  бүгінгі таңда Тарбағатай аудандық Арда­герлер кеңесінің төрағасы Мұқан Сахариев болса, сонымен қатар, бар істің ыстық-суығына бірге төзіп жүрген Ойшілік ауылының әкімі Серік Ығиев еңбегін де ерекше атау керек. Ескерткіштің авторы Ақжар өнер мектебінің директоры, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Әлібек Шоқанов екенін де айта кетпекпіз.

 Батыр ескерткішінің ашылу салтанаты ертең түсте Тарбағатай ауданы, Ойшілік ауылында болады. Сайтымыздан батырға байланысты құнды деректерді алдағы уақытта жариялайтын боламыз.

 

 

 

 

 

 

 


[ig-posts-carousel post_type=”post” cat=”тарих” posts_num=”12″ posts_per_slide=”3″ show_image=”true” show_excerpt=”false” autoplay=”true” arrows=”false” dots=”true”]


 

0
Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару