Сәрсенбі, Қазан 25, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Солтүстік пен шығыста әлі көктайғақ пен бұрқасын сақталады

Солтүстік пен шығыста әлі көктайғақ пен бұрқасын сақталады

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып, тек республиканың батысында және орталығында күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі. Ал солтүстікте және шығыста көктайғақ әрі бұрқасын сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

 Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күшеюі ықтимал.

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, түнде жекелеген аудандарында тұман болжанады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де тұман болуы мүмкін. Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

0
Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару