Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының жүзеге асырылуы, сонымен қатар 2017 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуы жеткізілді. Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін қабылданған бағдарламалардың жүзеге асырылуының маңыздылығын және олардың орындалуын сапалы бақылау керектігін атап өтті, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.