Мектеп бағдарламасына “Қоғам және дін” жаңа оқулығын енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.
Жаңа оқулықкелесі оқу жылында шығарылатын болады, деп хабарлады Sputnik.
Бұдан бөлек, оның айтуынша, дін министрлігі радикалды көзқарастағы адамдармен жұмысқа үлкен көңіл бөледі. Ішкі істер министрлігіменбірлесе діни экстремизм үшін сотталғандарды оңалту бойынша арнайы қызметте рұйымдастырылып жатыр.
“Батыс облыстарының бірінде, сонымен қатар Жамбыл, Қызылордажәне Шығыс Қазақстанда облыстарында дінтану мамандығын ашу мәселесіқарастырылып жатыр. Бұл теріс ағымдардың таралу қаупі бар өңірлерде зайырлы дін мамандарын дайындауға мүмкіндік береді”, — деп түйді сөзін Ермекбаев.