Сәрсенбі, Қазан 18, 2017
Негізгі > ○ Блогер жазбалары > Өмір әні (Хикаят)

Өмір әні (Хикаят)

1

Ақтеңізден хат

Ұмытылар,  Ұмыт болар, Көктемдер. (Түрік əнінен)

 

Жарық дүниеде жан баласы толық мəнін ұқпаған, толық түйсіне алмаған бір тылсым бар. Ол -сезім. Шынайы сезімге мың тосқауыл мен мың өткел қойылса да, сезім өзін əркез мықтылығын дəлелдейді. Арабтың бір ойшылы айтқан екен. “Сезім таза болса, өмір -таза. Қашпайды өмірде маза. Сезімдер сыналмай, төзімдер сыналмай, сезімге берілмес əділ баға” деп. Сезімнің жанына осы тəмсіл етене жақын еді. Сезім өз туған өлкесіне келгелі, ата-анасының аялы алақан жылуын сезінгенімен, бəрібір Алматыны жəне бір жанды ойлай беретіні қалай?! Ұмытуға дəрменсіз бе? Неге санасынан, жүрегінен бір есім өшер емес. Өшіргісі келеді… Өшпей құлан көңілді қинайды. Сезім келгелі, екі əнді жиі айтады. Жұлдыз қызының жай-күйін жанарынан байқаған. Жанарында бір мұң келіп жасырынғанын сезген. Сезім Алматыдан аттанғалы, өз шаңырағына келіп, туғандарымен қауышқалы бір сезім құшағында. Ол сезім -өкініш. Соңғы рет Əнуарбекпен кездессем де ғой деген бір қалау -Стамбулға ұшақ қоңғалы маза таптырар емес. Мүмкін, арақашықтық алшақтаған сайын бір көрсем деген көңіл қалауы бой көтергендей. Рас, Əнуарбек Сезімнің еліне қайтарын білмеді. Сезім үндемеді. Үнсіздіктен кейде үміттің өлімші хəлге түсетіні бар. Сезімнің сырға жанарынан оның үнсіздігін Олжас қана аңғарған -ды. Əнуарбек соңғы кезде, жексенбілік сейілге шықпай кеткен. Ақжүніс пен Олжас əдемі қалжыңдасып, сейілде емен жарқын күй кешетін. Сезім болса, Əнуарбек келмегенін көрген бойда-ақ жатақханаға қайтуға асығатын. Сезімнің биазылығы сондай. Əнуарбектің ұялысынның нөмірін де білмейтін. Білуге талпынбайтын да. Сезімнің ару жүрегі дір еткенімен, сабырды серік етіп бақты. Енді міне, əр кеш сайын анасының əр тізесіне басын қойып, əкесінен ” Ұлытау” əнін салуды жиі өтінетін. Неге бұл əн?! “Ұлытау”. Асланда қызының бұл əнге ерекше ықыласының ауғанына қайран.

Жалғасы бар.

Мейірхан Мейрамбекұлы.

“Ulduz” журналы, № 62. Əзірбайжан, Баку.

Брайльден аударған : Аяулым Байдəулет, Анна Петрова.

0
Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару