Бейсенбі, Қазан 26, 2017
Негізгі > Руханият > «Алтын адам» аймақтарды аралап жүр

«Алтын адам» аймақтарды аралап жүр

Altyn-adamТәуелсіздіктің 25 жыл­­дығына орай еліміз бойынша «Ұлттық музей – сенің қалаңда!» атты мәдени тур бас­тау алды. Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық музейі ұйым­дастырып отырған мә­дени саяхат алдымен Орал қаласына табан тіреді. Оралдық көрермендер Ұлттық музейдің ең құнды мұрасының бірі – «Алтын адам» жәдігерін тамашалап, арнайы бағдарламаның куәсі болды.

«Алтын адам» – халқы­мыз­дың ең құнды жәдігері, елдігіміздің символы. Атаулы жоба аясында қа­ла жұртшылығы мен қонақ­тары тек музей төрінде ғана тұратын құнды жә­дігер­мен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, батысқазақстандықтар «Ұлттық музейдің 10 шедеврін» тама­шалады. Ғасырлар бойы қалпын бұзбаған асыл мирас өнерсүйер қауымның ерек­ше қызығушылығын тудырды. Астаналық музейді араламағандар үшін «Ұлттық музейге саяхат» таныстыру бейнеролигі жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, 3D технологиясы арқылы музейдің әр залы жеке-жеке таныстырылды. Шараға облыс әкімдігінің өкілдері мен өзге де салалардан қонақтар қатысты. Тәуелсіз Қазақстанның брэндіне айнал­ған «Алтын адам» ескерткіші өзге қалаларда да кең көлемде таныс­тырылмақ. Көрмені тамашалау тегін жүргізіледі.

Бұдан әрі көрме Ақтөбе қаласында жалғасады.

© «Егемен Қазақстан»


Тағы оқыңыз:

[tp_carousel id=”24″ items=”3″ pagination=”true” navigation=”true” autoplay=”true” margin=”0px” post_type=”Post” post_category=”руханият” custom_category=”” content_style=”block”]

0
Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару