Негізгі > әңгімелер

БОСТАНДЫҚТАҒЫ  ЖЕТІ  КҮН(детектив)

Темiр тордың ар жағы. Тамұқтағы  өмiр. Тар қапас. Тiршiлiк тамыры бүлкiлдеген тылсым дүние.Өзiндiк өмiр. өз заңы,.өз қағидасы.Өз талабы. Ешкiмге сенбе. Ешкiмдi сатпа. Ешкiмнен ешнәрсе сұрама. Күштiнi күш ықтырған, әлсiздi әлпеншек тептiрген қылмыс әлемiнiң қатыгез қағидасын ата заң  iспеттi қабылдаған қауым. Бесiктен белi шықпай - 14 жасында кiсi өлтiрiп, аталмыш қауымға қосылған Евгений

Толық оқу...

Қолғанат Мұратұлы. Бөтен (тосын әңгіме)

Қолғанат  МҰРАТҰЛЫ Драматург, 2015 жылы "Алтын қалам" бауқауының жүлдегері, М.Əуезов театрында "Бақыт кілті" пьсасы сахналанған   Ұйықтап жатыр еді, денесінен бөлініп шығып кеткен өзін байқап қалды. Төсектен баяу тұрып, терезе жаққа кетіп бара жатқан  өзінің екінші сыңарын сезіп жатыр. Қорқытып алмайын дегендей баяу ғана көздерін кезекпен ашты да, аса сақтықпен сыңарының артынан  терезе жаққа  қарады.

Толық оқу...

С.Құсанбаев. Атеистің ақыры

ҚАЗ-ҚАЛПЫНДА ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ...  Жетпіс бес жыл қан түстес жалауын желбіретіп, қарамағындағы аз ұлттарға зорлығы мен озбырлығын қатар жүргізген кеңес үкіметі келмеске кетсе де, «Қалдырған ізің мәңгілік» дегендей, оның қалдырған ізі осы күнге дейін жұрттың жадында сайрап тұр. Кеңес үкіметінің жымысқы саясатынан ерекше теперіш, қуғын-сүргін көрген құндылықтарымыздың бірі – қасиетті дініміз болатын.

Толық оқу...

Күз. Аялдамадағы “КӨКТЕМ”

Аялдамада көлік тосып тұрған әйелдің жүзі жабырқау көрінді. Қоңыр күзде киген пальтосы да қоп-қоңыр. Маңдайына түскен қатпар-қатпар әжімін, мұң торлаған жүзін көріп, көңілін аулағым келіп кетті. Қасына жақын барып бетіне қарап, сәл-пәл кідірдім. Ол да қоңыр көзі жыпылықтап жүзін маған бұрды. -Қандай әдемісіз! -дедім салған жерден, даусымды барынша жұмсартып. Ол пальтосының жағасынан

Толық оқу...

Бодандық болмыспен күрес

(Қабырғалы қаламгер Әділбек Ыбырайымұлының «Бейсауат кісі» әңгімесін оқыған соң өрбіген ойлар) Жазушылар өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік өзгерісті О. Голдсмиттен асырып айтқан ешкім болған жоқ: «Біздің дәуірімізде жазушы бәрінен бас тарта алады. Тіпті, ханзадамен де терезесі тең сөйлесе алады. Бұлай істеуге олардың ақыл-парасаты кепілдік беріп отыр» [Голдсмит О. Гражданин мира... Изд. Наука, М. 1974.]. Өмір

Толық оқу...

Байыт Қабанұлы: АПАМНЫҢ ДАУЫСЫ

Бес, алты жастардағы кезім бе екен. Апам қораның ана шетіндегі үйлерге жұмсайды. «Сол үйге барып кел, алып кел, беріп кел...» - деген сықылды ұсақ-түйек бірдемелерді сылтау етіп үнемі бір іс тапсырады. Мен іркілмеймін. Үйден шығып бір азғана жерге барып тоқтай қалам да қайта айланып: - Апа-а-ау – деймін. - Ә-ә-әу – дейді

Толық оқу...